«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, 37 бабының 2 тармағына сәйкес, Іле ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Іле ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффицентті бекітілсін.
- «Іле аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда жариялауды және Іле ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің орынбасары А.Жөргенбаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Қарасаев