Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 50-226 «Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімінің Жобасы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104-бабының 5-тармағы, 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттері туралы» 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 50-226 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5402 тіркелген, 2020 жылдың 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған Боралдай кентінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 431 760 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 180 503 мың теңге;

трансферттер түсімі 251 257 мың теңге;

2) шығындар 480 898 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 49 138 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 49 138 мың теңге.»;

«2. 2020-2022 жылдарға арналған Ащыбұлақ ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 208 462 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдері 112 544 мың теңге;

трансферттер түсімі 95 918 мың теңге;

2) шығындар 218 248 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 9 786 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                                      9 786 мың теңге.»;

«3. 2020-2022 жылдарға арналған Байсерке ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 7, 8 және 9-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 228 955 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдері 205 970 мың теңге;

трансферттер түсімі 22 985 мың теңге;

2) шығындар 281 353 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 52 398 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 52 398 мың теңге.»;

«4. 2020-2022 жылдарға арналған Жетіген ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 10, 11 және 12-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 149 410 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдері 71 414 мың теңге;

трансферттер түсімі 77 996 мың теңге;

2) шығындар 164 758 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 15 348 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 15 348  мың теңге.»;

«5. 2020-2022 жылдарға арналған КазЦИК ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 13, 14 және 15-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 78 491 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдері 73 175 мың теңге;

трансферттер түсімі 5 316 мың теңге;

2) шығындар 96 294 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 17 803  мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 17 803 мың теңге.»;

«6. 2020-2022 жылдарға арналған Қараой ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 16, 17 және 18 -қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 258 546 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдері 49 569 мың теңге;

трансферттер түсімі 208 977 мың теңге;

2) шығындар 267 441 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 8 895 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 8 895 мың теңге.»;

«7. 2020-2022 жылдарға арналған Күрті ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 19, 20 және 21-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 63 936 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдері 7 026 мың теңге;

трансферттер түсімі 56 910 мың теңге;

2) шығындар 66 257 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 2 321 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 2 321  мың теңге.»;

«8. 2020-2022 жылдарға арналған Междуреченский ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 22, 23 және 24-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 103 653 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдері 44 717 мың теңге;

трансферттер түсімі 58 936 мың теңге;

2) шығындар 115 220 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 11 567 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 11 567 мың теңге.»;

«9. 2020-2022 жылдарға арналған Чапаев ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 25, 26 және 27-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 148 831 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдері 33 999 мың теңге;

трансферттер түсімі 114 832 мың теңге;

2) шығындар 156 433 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 7 602 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 7 602 мың теңге.»;

«10. 2020-2022 жылдарға арналған Энергетический ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 28, 29 және 30-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 279 635 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдері 244 230 мың теңге;

трансферттер түсімі 35 405 мың теңге;

2) шығындар 318 283 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 38 648 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 38 648 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1, 4, 7, 10, 13, 16, 19, 22, 25, 28-қосымшалары тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 50-226 «Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімінің Жобасы
Дата публикации
20 августа 2020