Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 21 шiлдедегi № 233 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 шiлдеде № 21005 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
Қазақстан Республикасы |
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тіркеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) ақпараттық жүйе – "Е-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесінің "Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу" кіші жүйесінде машиналар және оларды иеленушілер туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
2) машиналарды бастапқы тіркеу – Қазақстан Республикасының аумағында алғаш жүзеге асырылатын машиналарды мемлекеттік тіркеу.
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген машиналарды мемлекеттік тіркеу машиналарды бастапқы тіркеу болып табылмайды;
3) машиналарды есептен алу – машиналарды жоғалтумен, басқа адамға иеліктен шығарумен, сондай-ақ кәдеге жаратумен немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты болуға әкетумен байланысты машиналарды мемлекеттік тіркеуді тоқтатуға қатысты іс-қимылдар;
4) машиналарды иеленушi – өзіне тиесілі меншік немесе уақытша иемдену және тұтыну құқығы негізінде ағымдағы уақыт кезеңінде машинаны іс жүзінде иеленуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) машина иесі – өзіне тиесілі машинаны өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және билік етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
6) машиналарды қайта тiркеу – тиiстi құқықтық негiздер болған кезде машинаның тiркеу деректеріне және тіркеу құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
7) машиналарды мемлекеттiк тiркеу, оның ішінде машиналарды бастапқы тіркеу – тіркеу пункттерінің машиналарды тiркеу, машиналардың жол қозғалысына қатысуына рұқсат етілгенін растайтын мемлекеттiк тіркеу нөмiрлiк белгiлерін (бұдан әрі – нөмірлік белгі) және тiркеу құжаттарын беру жөніндегі қызметі (бұдан әрі – машиналарды тіркеу);
8) машиналарды тіркеудің электрондық тізілімі – ақпараттық жүйеде көрініс тапқан машина, меншік иесі, иеленуші, нөмірлік белгі, техникалық паспорт, қайта тіркеу, машиналарды тіркеу есебінен алу туралы мәліметтерді қамтитын мәліметтер жиынтығы;
9) нөмiрлiк агрегат – зауыттық тiркеу нөмiрi бар машинаның негiзгi құрамдас торабы (шасси, қаңқа);
10) өтімділігі жоғары арнайы машиналар – ең жоғары конструкциялық жылдамдығы сағатына елу және елу километрден аз квадроциклдер және қаршаналар;
11) сәйкестік сертификаты – өнімнің, көрсетілетін қызметтің Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен бекітілген "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен оларға арналған тіркемелердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (бұдан әрі – техникалық регламент) 6-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
12) тiркеу құжаты – көрсетілетін қызметті беруші беретін, машинаға арналған ресми құжат болып табылатын, машинаның жол қозғалысына қатысуына және пайдаланылуына рұқсат етілгенін растайтын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық паспорт;
13) тіркеу іс-қимылдары – тіркеу пункттерінің ақпараттық жүйеге өзгерістер енгізе отырып, машиналарды тіркеуді, уақытша тіркеуді, қайта тіркеуді, тіркеу есебінен алуды жүзеге асырумен байланысты қызметі;
14) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны.
1) олардың толтырылған күнін;
2) олардың толтырылған орнын;
3) машина туралы мәліметтерді (маркасы, моделі, шығарылған жылы, машинаның зауыттық нөмірлері);
4) өкілеттілігі мөрмен расталатын уәкілетті адамдардың (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда) қолын қамтиды.
Қазақстан Республикасына әкелiнетін, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) тауары болып табылатын машиналар кедендiк декларациялаудан және кедендік тазартудан өтпестен тiркеледi.
2-тарау. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тіркеу және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
1-параграф. Машиналарды тiркеу
тіркеу пунктіне (көрсетілетін қызметті берушіге):
1) осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі;
4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат;
5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12565 болып тіркелген) бекітілген өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат;
6) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме);
7) жаңа және жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген машиналарға арналған Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты немесе олардың техникалық регламенттің 6-бабына сәйкестігін растайтын басқа да құжат.
порталға:
1) осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) тізбеге енгізілген машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын электрондық құжаттар;
3) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі, ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда;
4) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме);
5) жаңа және жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген машиналарға арналған Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты немесе олардың техникалық регламенттің 6-бабына сәйкестігін растайтын басқа да құжат.
Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заңды тұлғалар туралы заң) күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болады.
Машинаны бастапқы тіркеу жағдайларында: көрсетілетін қызметті алушыларға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес машиналарды қарап-тексеру бойынша фотоматериалдар ұсынуға арналған өлшемшарттарға сәйкес тіркелетін машинаны (Қазақстан Республикасының аумағында машиналарды өндірушінің ресми дилерінен (өкілінен) сатып алынған машиналарды қоспағанда) қарап-тексеру фотоматериалдары (қарап-тексерілетін машинаның зерттеу объектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін түрлері қамтылған) ұсынылады.
Өкілдер тіркеу іс-қимылдарын меншік иесінің немесе иеленушінің атынан жүзеге асырған жағдайда, осы тармақта белгіленген құжаттардан басқа тіркеу пунктіне (көрсетілген қызметті берушіге) меншік иесінің немесе иеленушінің мүдделерін білдіру өкілеттігін куәландыратын құжаттар ұсынылады.
Егер, бұрын Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуде болған машина мемлекеттік тіркеуге жататын болса, онда осы тармақта белгіленген құжаттардан басқа, тіркеу пунктіне (көрсетілген қызметті берушіге) бұрынғы тіркеу құжаты ұсынылады, алайда аталған құжатты ұсынбау мемлекеттік тіркеуді жүргізуден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
Машиналарды тіркеуді қоса алғанда, тіркеу іс-қимылдарын жүзеге асырған жағдайда, меншік иелері болып табылмайтын адамдарға иелік ету құқығын растайтын мынадай құжаттар ұсынылады:
шарт (жалдау, қосалқы жалдау, лизинг, қосалқы лизинг, кепілзат) және машинаны қабылдау-тапсыру актісі;
меншік иесі қол қойған (жеке тұлғалар үшін), заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған (заңды тұлғалар үшін) машина иесінің тиісті тіркеу іс-қимылдарын жасауға жазбаша келісімі.
Егер, тіркеу іс-қимылдары жасалатын машина ортақ меншікте болса, онда тіркеу құжаттарында барлық меншік иелері көрсетіледі және барлық құжаттар машинаның барлық иелерінің атынан беріледі. Нотариат куәландырған мәміле жеке тұлғалардың ортақ меншігін иеліктен шығару үшін негіз болып табылады.
Меншік иелері 14 жасқа жетпеген кәмелетке толмаған азаматтар болып табылған жағдайда, олардың атынан тіркеу іс-қимылдарын ата-аналары (асырап алушылары) немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдары туу туралы куәлік ұсына отырып жасайды.
Меншік иелері 14 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар болып табылған жағдайда, тіркеу іс-қимылдарын осы адамдар ата-аналарының (асырап алушыларының) немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жазбаша келісімімен туу туралы куәлік ұсына отырып жасайды.
Заңды және жеке тұлғалар машиналарды аукциондар мен сауда биржалары арқылы сатып алған жағдайда: уәкілетті адамдардың қолдарымен аукцион хаттамасы мен сатып алу-сату шарты ұсынылады.
1) тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын өтініштің көшірмесінде көрсете отырып, құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы белгімен өтініштің қабылданғанын растайды және тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына жібереді;
2) тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы құжаттарды қарастырады және тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысына (бұдан әрі – инженер-инспектор) орындау үшін жібереді.
3) инженер-инспектор тіркеу іс-қимылдарын жүргізеді және деректерді ақпараттық жүйеге енгізеді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және қол қою үшін тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына жолдайды;
4) тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкеріне жолдайды;
5) тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу құжатын (телнұсқасын) және (немесе) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап береді;
Өтінішті портал арқылы электрондық түрде берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі;
2) инженер-инспектор портал арқылы келіп түскен құжаттарды қарастырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және қол қою үшін тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беру уақыты мен орнын көрсете отырып, тіркеу құжатының (телнұсқаның) және (немесе) нөмірлік белгілердің дайын болғаны туралы хабарлама не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап жібереді.
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған болуы.
Портал мен ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тіркеу іс-қимылы және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және машиналарға арналған нөмірлік белгіні беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) ақпараттық жүйе операторын (бұдан әрі – оператор) дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда оператор еркін нысанда техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған тіркеу пункіне (көрсетілетін қызметті берушіге) қол қойдырады.
Бұл ретте техникалық паспорттар бланкілерінің сериясында және нөмірлік белгілерде қолданылатын Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларының латын транскрипциясындағы әріптік белгілерінің тізбесі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданылады.
Тіркеу құжаттары мен машиналардың нөмірлік белгілерінің жұмсалуы сериялар мен олардың цифрлы нөмірлерінің өсу тәртібімен ақпараттық жүйеде жүргізіледі.
Келіп түсетін және шығарылатын нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың саны осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың келіп түсуін және берілуін есепке алу журналында көрсетіледі.
Нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың келіп түсуін және берілуін есепке алу журналы, сондай-ақ тіркеу құжаттарының бланкілері мен нөмірлік белгілер машинаның тіркелген орны бойынша сақталады.
Толтыру кезінде бүлінген тіркеу құжаттарының бланкілері, одан әрі пайдалануға жарамсыз нөмірлік белгілер оларды қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын құралдармен және тәсілдермен кәдеге жаратылады, ол туралы тиісті актілер жасалады.
Нөмірлік белгілерді қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттеуді тіркеу пункті (көрсетілген қызметті беруші) жүргізеді.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдардың;
2) машиналар иелерінің жазбаша сұранымы негізінде беріледі.
Жеке тұлға өкілінің өкілеттіктері нотариалды куәландырылған сенімхатпен, заңды тұлға өкілінің өкілеттіктері басшының қолымен және заңды тұлға (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда) мөрімен куәландырылған сенімхатпен расталады. 14-18 жас аралығындағы азаматтардың жеке басын анықтау олардың ата-аналарының (асырап алушыларының), қорғаншыларының (қамқоршыларының) немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдары өкілінің қатысуымен кәмелеттік жасқа толмаған адамның туу туралы куәлігін ұсыну кезінде жүргізіледі.
Тіркеу пункті (көрсетілген қызметті беруші) тіркеу іс-қимылдарын жүргізу болжанатын орын бойынша ақпараттық жүйе арқылы машинаның бұрынғы тіркелген орны бойынша машиналардың тіркеу іс-қимылдары туралы қажетті мәліметтерді алады.
Машиналарды тіркеу орны бойынша ақпараттық жүйеден мәліметтер алынғаннан кейін тіркеу іс-қимылдарын жүргізу болжанатын орын бойынша тіркеу пунктінде (көрсетілетін қызметті берушіде) қажетті тіркеу іс-қимылдары жасалады.
1) осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) техникалық паспорттың түпнұсқасын;
3) жалдау, қосалқы жалдау, лизинг, қосалқы лизинг, сенімгерлікпен басқару, шаруашылық жүргізу, ипотека, қарыз шарттарын немесе машиналарды иелену құқығын, ал уақытша әкелінген машиналар үшін учаске немесе аумақ иесінің (иеленушінің) машиналарды уақытша тіркеуге қоюға келісімін растайтын өзге құжатты;
4) машиналарды республикадан тыс жерлерден әкелу кезінде – кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттарды (кедендік декларация, ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме) ұсынады.
Машинаны алғашқы тіркеу жағдайларында: көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес машиналарды қарап-тексеру бойынша фотоматериалдар ұсынуға арналған өлшемшарттарға сай тіркелетін машинаны (Қазақстан Республикасының аумағында машиналарды өндірушінің ресми дилерінен (өкілінен) сатып алынған машиналарды қоспағанда) қарап-тексеру фотоматериалдарын (тексерілетін машинаның зерттеу объектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін түрлері қамтылған) ұсынады.
Машиналарды уақытша тіркеудің қолданылу мерзімі Қағидалардың осы тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттардың қолданылу мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.
2-параграф. Машиналарды қайта тіркеу
1) меншiк құқығы өзгерген;
2) машиналардың ортақ меншiк құқығы пайда болған, тоқтатылған және ортақ меншiк иелерінің құрамы өзгерген;
3) машина иеленушінің (иесінің) ерік білдіруі бойынша машина иеленушінің (иесінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген;
4) машина тіркелген адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегi өзгерген;
5) машинаны қайта жабдықтау немесе нөмірлік агрегаттарын ауыстыру, арнайы жабдық орнату және осыған ұқсас өзге де өзгерістер салдарларынан оның типі өзгерген жағдайларда жүргізіледі.
тіркеу пунктіне (көрсетілетін қызметті берушіге):
меншік құқығы өзгерген немесе ортақ меншік пайда болған, тоқтатылған және машиналардың ортақ иелерінің құрамы өзгерген немесе машина иеленушінің (иесінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген жағдайларда немесе машина иеленушінің (иесінің) ерік білдіруі бойынша, машина тіркелген адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген жағдайларда:
1) осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері;
4) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Қайта жабдықтау немесе нөмірлік агрегаттарын ауыстыру, арнайы жабдық орнату және өзге де осыған ұқсас өзгерістер салдарынан машина типі өзгерген жағдайда:
1) осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері;
4) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
5) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме);
порталға:
меншік құқығы өзгерген, ортақ меншік пайда болған, тоқтатылған және машиналардың ортақ меншік иелерінің құрамы өзгерген, машина иеленушінің (меншік иесінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген жағдайларда, машина иеленушінің (меншік иесінің) ерік білдіруі бойынша, машина тіркелген адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген жағдайларда:
1) осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың төленгенін, ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Қайта жабдықтау немесе нөмірлік агрегаттарды ауыстыру, арнайы жабдық орнату және өзге де осыған ұқсас өзгерістер салдарынан машина типі өзгерген жағдайда:
1) осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың төленгенін, ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме).
Ескертпе: * Заңды тұлғалар туралы заң күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болады.
3-параграф. Машиналарды тіркеу есебінен алу
1) машина тіркелген адамның тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген (егер, жаңа тұрғылықты жер (заңды мекенжай) машинаны тіркеген тіркеу пунктінің (көрсетілген қызметті берушінің) қызмет көрсету аумағынан тыс жерде орналасса);
2) машинаға меншік құқығы тоқтатылатын;
3) машина кәдеге жаратылатын (жарамсыз етілетін, есептен шығарылатын);
4) машина Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкетілетін жағдайларда жүргізіледі.
1) жеке тұлғалар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтініш, тіркеу құжатын, нөмірлік белгісін;
2) заңды тұлғалар осы Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес өтініш, тіркеу құжатын, нөмірлік белгісін, есептен шығару актісін ұсынған кезде тіркеуден алынады. Кәдеге жаратылатын машиналарға арналған тіркеу құжаттары немесе нөмірлік белгілері болмаған жағдайда, өтініштерде оларды жоғалту мән-жайлары, орны мен уақыты көрсетіледі.
3-тарау. Тіркеу пункттерінің (көрсетілетін қызметті берушінің) және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші), уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген арыз берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
|
|
Тракторларды және олардың |
|
|
Нысан |
Техникалық паспорт Технический паспорт
Техникалық паспорт
Технический паспорт
Общие сведения
1) Машинаның атауы және маркасы
Наименование и марка машины____________________________________
_______________________________________________________________
2) Шығарушы зауыт
завод-изготовитель_______________________________________________
3) Шығарылған айы және жылы
месяц и год изготовления_________________________________________
4) Машинаның зауыттық нөмірі
заводской номер машины_________________________________________
5) Қозғалтқыштың маркасы
марка двигателя_________________________________________________
6) Меншік иесі/меншік иесі болып табылмайтын иеленуші және мекенжайы:
(керек емесі сызылсын)
_______________________________________________________________
собственник/владелец, не являющийся собственником и адрес:
(ненужное зачеркнуть)
_______________________________________________________________
7) Присвоен номерной знак _________________ нөмірлік белгісі берілді.
8) Ерекше белгілер
особые отметки
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Техникалық паспорт
Технический паспорт выдан_______________________жылы (года) берілді.
__________________________________ _____________________________
(инженер-инспектор, инженер-инспектор) (қолы, подпись)
Мөр орны
Место печати
Сериясы
серия _________ № ______________
Прием и снятие машин с регистрации
1) Снята с регистрации вследствие _________________________________
_______________________________________________________________
_________________________________салдарынан тіркеуден алынды.
"___" _______________жыл (год) ___________________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
2) Принята на регистрацию ________________________________________
_______________________________________________________________
(жаңа меншік иесінің мекенжайы, адрес нового собственника)
_____________________________________________тіркеуге қабылданды
"___" ______________ жыл (год) _________________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
3) Снята с регистрации вследствие _________________________________
_______________________________________________________________
_________________________________салдарынан тіркеуден алынды.
"___" ______________ жыл (год) _________________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
4) Принята на регистрацию ________________________________________
_______________________________________________________________
(жаңа меншік иесінің мекенжайы, адрес нового собственника)
_____________________________________________тіркеуге қабылданды
"___" ______________ жыл (год) _________________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
5) Снята с регистрации вследствие _________________________________
_______________________________________________________________
_________________________________салдарынан тіркеуден шығарылды.
"___" ______________ жыл (год) _________________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
6) Принята на регистрацию ________________________________________
_______________________________________________________________
(жаңа меншік иесінің мекенжайы, адрес нового собственника)
_____________________________________________тіркеуге қабылданды
"___" _________________ жыл (год) _________________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
Сериясы
серия _________ № ___________________
Изменение номерного знака
|
Нөмірлік белгінің берілген уақыты |
Белгінің сериясы мен нөмірі |
Инспектордың қолы және мөр |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жөндеудің жүргізілген уақыты |
Жөндеулердің, ауыстырылған агрегаттардың атауы және олардың нөмірлері |
Жөндеуге жауапты адамның қолы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сериясы
серия _________ № ____________
Осмотры технического состояния
|
Күні |
Техникалық жай-күйі |
Пайдаланылуынан бастап қарап-тексеру сәтіне дейінгі жұмыс жасауы |
Инспектордың қолы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сериясы
серия _________ № ___________
|
|
Тракторларды және олардың |
"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ,аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Жеке және заңды тұлғалардан (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініштерді қабылдау: |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) портал арқылы – 1 жұмыс күні; |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бұдан әрі – нөмірлік белгі) беру немесе машиналарды есептен алу туралы тіркеу құжатындағы белгі немесе машинаны уақытша тіркеу туралы анықтама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік баждар мен алымдардың мөлшері: |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде: |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар. |
|
|
|
|
Тракторларды және олардың |
|||
|
|
Нысан |
|||
Машиналарды тіркеудің электрондық тізілімі Электронный реестр регистрации машин
|
Реттік сан № |
Машиналардың типі мен маркасы |
Шыққан (жасалған) жылы |
Машиналар туралы дерекетер |
|
Зауыттық нөмірі |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Меншік иесінің атауы немесе аты, әкесінің аты (бар болса), тегі. |
Техникалық паспорт берілді |
|
|
Күні |
Сериясы, |
|
|
5 |
6 |
7 |
|
Нөмірлік белгі берілді |
Меншік иесінің, машина иесінің өзгерістері, тіркеуден алу, нөмірлік белгілерді тапсыру, техникалық паспортты немесе нөмірлік белгіні ауыстыру туралы белгі |
Ескертпе |
|
||
|
Күні |
Сериясы, нөмірі |
||||
|
8 |
9 |
10 |
11 |
|
|
|
|
Тракторларды және олардың |
||||
|
|
Нысан |
||||
(жеке тұлғалар үшін)
(кімге)__________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың және
облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы)
(кімнен) азамат __________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
туған жылы_______________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________
(тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетіледі)
төлқұжат (жеке куәлік) № ________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
Өтініш
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ сұраймын.
Машинаның типі ______________________ маркасы ______________________
шығарылған жылы ______________________________
зауыттық номері__________________ қозғалтқыштың маркасы __________________
нөмірлік белгісі ____________, техникалық паспорт нөмірі__________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса ұсынамын:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
" " ____________ 20 жыл ______________________
(қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Инженер-инспектордың қызметтік белгілері:
Машинаның тіркеу деректері өтініште көрсетілгендерге сәйкес келеді
" " ____________ 20 жыл ___________________
(қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Берілгені: нөмірлік белгі _______________________________________
техникалық паспорт сериясы ________ №_______________________________
" " ____________ 20 жыл _____________________
(инженер-инспектордың қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
|
|
Тракторларды және олардың |
|
|
Нысан |
|
|
(заңды тұлғалар үшін) |
_____________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың және
облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы)
Өтініш
Өтінішке қоса беріліп отырған мынадай құжаттардың негізінде:
____________________________________________________________________
сұраймын.
Деректер:
Машинаның типі _________________ Маркасы ______________________
Шығарылған жылы_________________ Машинаның зауыттық нөмірі____________
Қозғалтқыш маркасы _____________________________ Ресімдеу жүргізу
_______________________________________________________ сеніп тапсырылады
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Меншік иесінің (иеленушінің) қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы_____________
Инженер-инспектордың белгісі:_____________________________
Берілгені: нөмірлік белгі _____________________________________________
техникалық паспорт сериясы _____________ №___________________
" " ____________ 20 жыл ________________________________
(инженер-инспектордың қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
|
|
Тракторларды және олардың |
Машиналарды қарап-тексеру жөніндегі фотоматериалдарды ұсынуға арналған өлшемшарттар
Машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін жеке немесе заңды тұлғалар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органына тіркелетін машинаны қарап-тексеру фотоматериалдарының сканерленген көшірмелерін фототүсірілімнің мынадай үш түрін қоса бере отырып ұсынады.
1) алдыңғы бөлігі;
2) артқы бөлігі;
3) алдыңғы және бүкіл бүйір бөлігі;
4) артқы және бүкіл бүйір бөлігі.
1) спидометр, тахометр және жұмыс уақытын есептегіш (өздігінен жүретін машиналар үшін бар болса);
2) жетектің бір сымды/екі сымды тежегіш жүйесінің элементтері және (немесе) тежегіш құбыр жолдарының контурлары;
3) артқы көрініс айналары (өздігінен жүретін машиналар үшін);
4) алдыңғы габариттік оттар (өздігінен жүретін машиналар үшін);
5) артқы габариттік оттар мен тежеу сигналдары және артқы жүріс шамы;
6) бұрылыс көрсеткіштері;
7) артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бұдан әрі – нөмірлік белгі) жарықтандыруға арналған бекіту орны мен айлабұйым;
8) алыс және жақын жарық шамы (өздігінен жүретін машиналар үшін);
9) артқы жарыққайтарғыштар.
3) Егжей-тегжейлі түрі – зауыттық тіркеу нөмірі бар машинаның нөмірлік агрегаттарын белгілеуге арналған фототүсірілімдер мыналардағы нөмірлік белгілердің түсірілімдері қоса беріле отырып орналастырылады:
а) қозғалтқыштағы;
б) шанақтағы;
в) шассидегі;
г) қаңқадағы.
Бұл ретте:
1) машинаның фототүсірілімі машинаның бөлшектерін, тораптарын және габариттерін сәйкестендіруді және толық бекітуді қамтамасыз ету.
2) фототүсірілім объектісі бүкіл кадрды алуы немесе кадр шекаралары бойынша барынша аз бос кеңістік қалдыра отырып, оның едәуір (85%-дан астам) бөлігін алу;
3) фототүсірілім кезінде фотоаппарат түсіру объектісінің орталық осіне немесе машинаның бөлшектері мен тораптарының биіктігіне орналастырылады, бұл ретте фотоаппараттың артқы қабырғасы объектінің суретке түсірілетін жазықтығына параллель болуы;
4) машиналардың фототүсірілімін күндізгі уақытта жүргізу ұсынылады, машина табиғи жарық көзімен (күнмен) біркелкі жарықтандырылуы тиіс - ағаштар, ғимараттар көлеңкесінде фототүсірілім жасауға жол берілмейді.
Жарық жеткіліксіз жағдайда фототүсірілім жасау кезінде фототүсірілім немесе қосымша жарық көздері пайдаланылады.
5) ұсынылатын фотоматериалдарда машина фототүсірілімінің жасалған күнін көрсету.
|
|
Тракторларды және олардың |
|
|
Нысан |
__________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы және мекенжайы)
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес,
көрсетілетін қызметті берушінің _____________________________
____________________________________________________ қызметкері
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы мен мекенжайын көрсету)
Сіз машиналарды тіркеу шарттары туралы мәліметтерді, сондай-ақ өтініште осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көзделген мәліметтерді/құжаттар тізбесін толық көрсетпеуіңізге/ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
(мәліметтердің/жоқ құжаттардың атауы:)
көрсетпеуіңізге/ұсынбауыңызға байланысты ___________________________
_____________________________________________ көрсетуден бас тартады.
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)
Осы бас тарту әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
__________________________________________________________________
(тіркеуші орган қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі (қолы))
Алған___________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
"___" _______ 20__ жыл.
|
|
Тракторларды және олардың |
|||||||||||||
|
|
Нысан |
|||||||||||||
|
|
|||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||
|
|
Тракторларды және олардың |
|||||||||||||
Техникалық паспорттар бланкілерінің сериясында және мемлекеттік нөмірлік белгілерде қолданылатын Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларының латын транскрипциясындағы әріптік белгілері тізбесі
|
Р/с |
Өңірдің атауы |
Әріптік белгі |
|
|
|
1 |
Нұр-Сұлтан қаласы |
Z |
|
|
|
2 |
Алматы қаласы |
A |
|
|
|
3 |
Ақмола облысы |
C |
|
|
|
4 |
Ақтөбе облысы |
D |
|
|
|
5 |
Алматы облысы |
B |
|
|
|
6 |
Атырау облысы |
E |
|
|
|
7 |
Батыс Қазақстан облысы |
L |
|
|
|
8 |
Жамбыл облысы |
H |
|
|
|
9 |
Қарағанды облысы |
M |
|
|
|
10 |
Қостанай облысы |
P |
|
|
|
11 |
Қызылорда облысы |
N |
|
|
|
12 |
Маңғыстау облысы |
R |
|
|
|
13 |
Түркістан облысы |
X |
|
|
|
14 |
Павлодар облысы |
S |
|
|
|
15 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
T |
|
|
|
16 |
Шығыс Қазақстан облысы |
F |
|
|
|
17 |
Шымкент қаласы |
Y |
|
|
|
18 |
резерв |
G, Q, W |
|
|
|
|
Тракторларды және олардың |
|||
|
|
Нысан |
|||
Нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың келіп түсуін және берілуін есепке алу журналы Журнал учета поступления и выдачи номерных знаков и технических паспортов
|
Келіп түсуі |
|||
|
Күні |
Қайдан келіп түсті, жүкқұжаттың немесе ілеспе хаттың нөмірі |
Саны |
Сериясы мен нөмірлері |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Берілуі |
Ескертпе |
|||||
|
Берілген күні |
Беру үшін негіз |
Кімге берілді (инспекцияның атауы, алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) |
Саны |
Сериясы мен нөмірлері |
Алғандығы туралы қолхат |
|
|
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК