Іле ауданы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2019 жылдағы қортынды сараптамалық ақпарат

Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтерді ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес көрсетеді.

Аудан деңгейінде 103 мемлекетік қызмет көрсетіледі , оның ішінде: 6 мемлекеттік қызмет ақылы негізде, 97 мемлекеттік қызмет тегін негізде, 22 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде, 52 мемлекеттік қызмет электронды/қағаз түрінде, 18 мемлекеттік қызмет Азаматтарға арналған үкімет (ХҚКО) арқылы. 
        Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде «Е-акимат»,  «ИИС ЦОН»,  «Адресный регистр», «Е-собес», «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйелері қолданылады.
         2019 жылдың қортыындысы бойынша  барлығы 195 085 мемлекеттік қызмет көрсетілген:

 Мемлекеттік қызметті алудың ыңғайлылығы үшін халыққа мемлекеттік қызметтер көрстеуді жақсарту үшін мемлекеттік органдар ақпараттық стендтермен, заманауи техникалармен жабдықталып, мүмкіншілігі шектеулі қызмет алушыларға жағдайлар жасалған мекемелерінде көрсетіледі.

І. Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері.

Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру, мемлекеттік қызмет алушы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекетті кқызметтер жәрмеңкелері тұрақтыв түрде өткізілуде. Өткен 2019 жылы ауданда 22 жәрмеңке өткізіліп, оған 5670  тұрғын қатысты. 

  Жәрмеңкеде  тұрғындарға электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері түсіндіріп, кеңестер берілді. Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың өкілдері өздерінің қызметтерін жадынамалар тарату арқылы, баннерлерде мемлекеттік қызметті алу туралы ақпараттармен көрсетті.

Жәрмеңкеге қатысуға көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер сараланды. Олар: жер қатынастары, тұрғын үй мәселесі, архитектура, білім беру, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту.

         Жәрмеңке нәтижесінде, ауданның  101  тұрғыны тұрғын үй саласында, 32 – білім беру,  38 – жер қатынастары, 28 –архитектура саласында, 12 – жұмыспен қамту саласында кеңес алды.

        Аталған шарада  барлығы 15 қызмет көрсетілді. Олар: мекенжай анықтамасы, соттылығы бар/жоғы туралы анықтама, мобильді үкіметте тіркеу, сонымен қатар ЭЦҚ және электронды қызметтер алу, зейнетақы жарналары туралы анықтама т.б көрсетілетін қызметтер  туралы мамандар арқылы  кеңестер беріледі.  

         ІІ. Мемлекетік қызметтің ашықтығын қоғамдық кеңестерде талқылау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұсынысына сәйкес аудандық қоғамдық кеңес отырысында мемлекеттік қызмет көрстеуші мекемелердің қоғамдық талқылаулары тұрақты өткізіліп тұрады. 2019 жылы  жоспар бойынша есептік кезеңде 4 бөлім, 4 ауылдық округ әкімі аппараты арқылы көрсетілетін қызмет туралы мәселелер тыңдалды.

ІІІ. Ішкі бақылау шаралары.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына»  сәйкес  және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізудің жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. 2019 жыл бойынша 19 мемлекеттік мекемеге ішкі бақылау шаралары жүргізілді. Нәтижесі бойынша 9 жауапты тұлға жіберілген кемшіліктер бойынша шаралар қабылданды.

ІV. «Өзіне өзі қызмет көрстеу бұрыштары» жабдықталуы.

Аудандағы аудан әкімі аппараты, 10 ауылдық округ әкімі аппараты 10 бөлімдер, 48 мектептер, 9 мемлекетті кжүйеге қарасты балабақшалар, денсауылық сақтау мекемелеріне қызмет алушыларға электронды түрде қызмет ұсыну үшін «Өзіне өзі қызмет көрстеу бұрыштары» жабдықталған. Қазіргі кезде аудан тұрғындары аталған бұрыштар арқылы ХҚКО кезекке тұрмай қажетті қызметтерді алуда.  Аталған бұрыштар арқылы 2894 электронды қызметтер алынған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұсынысына сәйкес тамыз айында аудандық кітапхана мен оның ауылдық филиалардында да бұрыштар ашылып, қызмет көрсетуде.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді БАҚ та интернет ресурстарда насихаттау.

Ауданда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында қызмет алушыларды ақпараттандыру жоғарылату жергілікті БАҚ 28 мақала, аудан әкімінің фейсбук, инстаграмм парақшаларында 31 ақпараттық хабарламалар мен видеороликтер жарияланды. Аудан әкімінің ресми сайтында Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімі аппарттары және бөлімдер арқылы көрсеілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттері мен  стандарттары орналастырылған. Ресми сайттағы мемлекеттік қызмет көрстеу саласы бойынша ақпараттар қоғамдық талқылауға шығарылып, тоқсан сайын жаңартылып отырады.  

  1. Арнайы мониторингтік топтың жұмысы.

Іле ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау  мақсатында аудан әкімінің 27 ақпан 2018 жылы  №14-өн/қ «Талдау тобын құру туралы» өкімімен  талдау тобы құрылған.

Талдау тобының құрамына үкіметтік емес ұйымдар, депутаттар және қоғамдық кеңес мүшелері енгізілген. Талдау тобы өткен 2019 жылы 18 мекемеге талдау жұмыстарын жүргізді. Талдау қорытындысына сәйкес анықталған кемшіліктер бойынша (мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау) талдау парақшалары толтырылды.  Нәтижесінде 48 кемшіліктің  32-і  түзетілді. Қазіргі кезде нашар көретін азаматтар үшін барлық мекемелерге брайль шрифтін орнату үшін тапсырыс берілді.

       Есепке алынған уақыт ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағым түскен емес.

Іле ауданы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2019 жылдағы қортынды сараптамалық ақпарат
Дата публикации
29 июля 2020