«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 2-13 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3811 тіркелген, 2016 жылдың
16 мамырында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Депутаттық этика, өкілеттілік, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және жұртшылықпен байланыс мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Сессия төрағасы
________________ Е. Тұрымбетов
|
Аудандық мәслихат хатшысы
________________ Р. Абилова
|