Іле ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы шешімнің жобасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Іле ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Іле ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

2.Іле ауданы әкімінің «Іле ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4943 тіркелген, 2018 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған),  2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізлімінде № 5368 тіркелген, 2019 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3.Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің аппаратының басшысы М.Мәдіғұловқа жүктелсін.

4.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Аудан әкімі                                             Б.Қарасаев

Іле ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы шешімнің жобасы
Дата публикации
03 июня 2020