Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20291 болып тіркелді.
"Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1) алдын ала берілген мекенжай (жобалық нөмір) - объектіні пайдалануға бергенге дейін жобалау алдындағы құжаттаманы ресімдеу сатысында және жылжымайтын мүлік объектісін салу үшін жер учаскесін бөлу кезінде берілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы;
2) жылжымайтын мүлік (бұдан әрі - жылжымайтын мүлік объектілері) - жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;
3) жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу (бұдан әрі - адрестеу) - жеке реттік нөмірді бере отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін айқындау және елді мекен мен осы елді мекеннің құрамдас бөлігіне жатқызу;
4) мекенжай - жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жерін сипаттау (өңір, елді мекен, елді мекеннің құрамдас бөлігі, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі, жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі (бар болған жағдайда);
5) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - "Мекенжай тіркелімі" АЖ) - Қазақстан Республикасының мекенжай өрiсiн біріздендіру және мекенжайлары туралы мәліметтерді қалыптастыруға, жинақтауғ, өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
6) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі - МТК) - "Мекенжай тіркелімі" АЖ бірігетін жылжымайтын мүлік объектілері мекенжайының бірегей коды;
7) тұрақты адрестеу - осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілеріне тұрақты мекенжай беру.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті алу тәртібі
1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама;
3) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай беру туралы анықтама;
4) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын жою туралы анықтама қалыптасады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылданғаны туралы мәртебе "жеке кабинетке" жолданады.
"Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға сұрау келіп түскен сәттен бастап сұрау салуды өңдеу 15 (он бес) минут ішінде жүзеге асырылады.
1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.
"Мекенжай тіркелімі" АЖ-да жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы архивтік мәліметтер болмаған кезде мәліметтер жоқ екені туралы ескерту қалыптасады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
"Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға өтінім келіп түскен сәттен бастап сұрау салуды өңдеу 15 (он бес) минут ішінде жүзеге асырылады.
"Мекенжай тіркелімі" АЖ-да Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша архивтік мәліметтер болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушы беріледі.
"Мекенжай тіркелімі" АЖ-да жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы архивтік мәліметтер болмаған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті "Халыққа қызмет көрсету орталығы" үшін ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - "ХҚО" АЖ) және ЭҮШ интеграциялау арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы берудің жалпы мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері шішім қабылдау үшін жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барады және МТК көрсете отырып, оны "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да міндетті тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудың қортындысы бойынша мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау туралы анықтаманы беру;
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау туралы анықтаманы беру;
3) не осы Қағидаларға 14-тармаққа сәйкес жазылған негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауапты, ЭҮШ арқылы Мемлекеттік корпорацияға нәтижені бере отырып жолдайды.
1) объектіні өз бетімен тұрғызу;
2) объетілер жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға бөлінген жер учаскелерінде орналасқан уақытша мақсаттағы объектілер, шаруашылық құрылыстар, гараждар, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілері, тазарту құрылыстары, мұнай айдайтын құрылыстар, жеке тұрған жарнамалық, антенналы-бағанды құрылыстар, мобильдік павильондар, дүңгіршектер, шатырлар, аялдамалар, бақтар, саябақтар болса.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері қабылданады.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға қосымша хатта беріледі).
Порталға жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгінуі туралы ақпарат қол жетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгі, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Шағымда:
1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның - оның атауы, поштасының мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні. көрсетіледі
Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесінде қолма-қол шығарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
|
|
"Қазақстан Республикасының |
|||
|
"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі |
Мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру: |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
портал арқылы: |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама; |
|
|
|
6 |
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсеткен алынатын кездегі төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. |
|
|
|
8 |
Құжаттар тізбесі |
1) порталға: |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартуға негіз көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12938 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларының 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады. |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
|
|
|
|
"Қазақстан Республикасының |
|||
|
|
____________________________ |
|
|
____________________________ |
|
|
____________________________ |
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама
Справка об уточнении адреса объекта недвижимости
Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)
|
Тұрақты тіркеу адресі: |
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың /облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері |
Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса |
|
1 |
2 |
3 |
|
Мекенжайдың тiркеу коды: |
|
|
|
Объектінің сипаттамасы: |
|
|
|
Объектінің санаты: |
|
|
|
Кадастрлық нөмiрі: |
|
|
|
Тiркеу күнi: |
|
|
|
Негіздеме құжат: |
|
|
|
Берілген күні: |
|
|
|
|
(тарихымен) |
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама
Справка об уточнении адреса объекта недвижимости
Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)
|
Мұрағаттық мекенжай: |
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың /облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері |
Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса |
|
Өзгертілді: |
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері |
Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса |
|
1 |
2 |
3 |
|
Мекенжай тiркеу коды: |
|
|
|
Объектінің сипаттамасы: |
|
|
|
Объектінің санаты: |
|
|
|
Кадастрлық нөмiрі: |
|
|
|
Тiркеу күнi: |
|
|
|
Негіздеме құжат: |
|
|
|
Берілген күні: |
|
|
|
|
____________________________ |
Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжайын беру туралы анықтама
Справка о присвоении адреса объекту недвижимости
Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк нысаны / объект недвижимости)
|
Тұрақты / алдын ала тiркеу мекенжайы: |
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері |
Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
|
|
|
Мекенжайды тiркеу коды: |
|
|
|
|
|
Объектінің сипаттамасы: |
|
|
|
|
|
Объектінің санаты: |
|
|
|
|
|
Кадастрлық нөмiрі: |
|
|
|
|
|
Тiркеу күнi: |
|
|
|
|
|
Негіздеме құжат: |
|
|
|
|
|
Берілген күні: |
|
|
|
|
|
|
____________________________ |
|||
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою туралы анықтама
Справка об упразднении адреса объекту недвижимости
Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк нысаны / объект недвижимости)
|
Тұрақты / алдынала тiркеу мекенжайы: |
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың /облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері |
Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса |
|
|
|
Мекенжайды тiркеу коды: |
|
|
|
|
|
Объектінің сипаттамасы: |
|
|
|
|
|
Объектінің санаты: |
|
|
|
|
|
Кадастрлық нөмiрі: |
|
|
|
|
|
Жойылу күні: |
|
|
|
|
|
Негіздеме құжат: |
|
|
|
|
|
Берілген күні: |
|
|
|
|
|
|
"Қазақстан Республикасының |
|||
|
|
____________________________ |
|||
Өтініш
________________________________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан: ___________________________________________________
________________________________________________________________________________
(облыс, қала (елді мекен) және объектінің орналасқан жері)
________________________________________________________________________________
мекенжай (ын) (тарихсыз/тарихымен) нақтылауды, (тұрақты/алдын ала) беруді,
(тұрақты/алдын ала) жоюды сұраймын. (қажеттісінің астын сызыңыз)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы "___" ____________
_____________________
(Қолы)
_____________________________
|
|
"Қазақстан Республикасының |
|
|
(тегі, аты, бар болған жағдайда |
|
|
____________________________ |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) өтінішті қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) ....
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (қолы)
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)
Орындаушы: Т.А.Ә. ___________
Телефоны:___________________
Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" ________
_________________________