Іле аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 49-220 «Іле ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104-бабының 5-тармағына, 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 49-220 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5378 тіркелген, 2020 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кiрiстер 165 155 264 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер 140 192 761 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер 51 924 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 574 771 мың теңге;                                                                              

трансферттер  түсiмі 24 335 808 мың теңге, оның ішінде:

төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер 36 590 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік алып қоюлар 35 797 мың теңге;

нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 793 мың теңге;

мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер 24 299 218 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 17 466 777 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 6 832 441 мың теңге;

2) шығындар 178 951 514 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу 113 477  мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 163 154 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 49 677 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 17 094 977 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)                               17 094 977 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешiм 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.

 

Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы

М. Егембердиева

Іле аудандық мәслихатының хатшысы

Р. Абилова

 

Іле аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 49-220 «Іле ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы
Дата публикации
19 мая 2020