«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің 2017 жылы 13 желтоқсанында № 619 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпанындағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы облысы Іле ауданы Қосөзен ауылы Абай көшесі № 1 ғимаратында орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ № 14 ОМ МКМ-ң, Алматы облысы Іле ауданы Жауғашты ауылы Школьная көшесі № 14 ғимаратында орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ № 27 ОМ МКМ-ң, Алматы облысы Іле ауданы Ынтымақ ауылы Мәңгілік ел көшесі № 45 ғимаратында орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ № 30 ОМ МКМ-ң, Алматы облысы Іле ауданы Төле би ауылы Қарсақбай көшесі № 16 «А» ғимаратында орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ № 37 ОМ МКМ-ң және Алматы облысы Іле ауданы Чапай ауылы Жұмбақтас көшесі № 109 «б» ғимаратында орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ № 45 ОМ МКМ-ң директорларының бос орындарына Конкурс жариялайды.
Қысқаша мәлімет: «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ № 14 ОМ МКМ. Мекен-жайы: Алматы облысы Іле ауданы Қосөзен ауылы Абай көшесі № 1. Мектеп сыймдылығы 640 орын, жалпы көлемі 3355,4 шаршы метр, қолдануға берілген жылы 1984 жыл, ауысым саны - 3, 1 ауысымда-548, 2 ауысым -415, 3 ауысым - 124, мұғалім саны-106, жоғары білімді -94, арнаулы орта -12, жоғары санатты- 1 мұғалім, 1 санатты-7, 2 санатты-4, санатсыз- 28 мұғалім, педагог зерттеуші- 1, педагог сарапшы -31 , педагог модератор-34. Жалпы оқушы саны 1158, 1-4 сынып - 464, 5-9 сынып -542, 10-11 сынып-73. Мектеп асханасы 60 орын, 100 % құрылғылармен жабдықталған. Оқу кабинеттерінің саны -27 қосалқы, зерханалық кабинеттер -2, информатика кабинеті-2, интербелсенді тақта -4, компьютер саны -259, барлығы интернетке қосылған, барлық кабинет жиһаздармен жабдықталған, жылу құрылғысы автономды (газ).
Қысқаша мәлімет: «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ № 27 ОМ МКМ. Мекен-жайы: Алматы облысы Іле ауданы Жауғашты ауылы Школьная көшесі № 14. Мектеп сыймдылығы 120 орын, жалпы көлемі 3000 шаршы метр, қолдануға берілген жылы 1971 жыл, ауысым саны - 2, 1 ауысымда-191, 2 ауысым -117, мұғалім саны-45, жоғары білімді -44, арнаулы орта -1, жоғары санатты- 3 мұғалім, 1 санатты-2, 2 санатты-8, санатсыз- 9 мұғалім, педагог зерттеуші- 0, педагог сарапшы -15, педагог модератор-8. Жалпы оқушы саны 308, 1-4 сынып - 133, 5-9 сынып -151, 10-11 сынып-24. Мектеп асханасы 50 орын, 100 % құрылғылармен жабдықталған. Оқу кабинеттерінің саны -15, компьютер саны -120, барлығы интернетке қосылған, барлық кабинет жиһаздармен жабдықталған, жылу құрылғысы автономды (газ).
Қысқаша мәлімет: «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ № 30 ОМ МКМ. Мекен-жайы: Алматы облысы Іле ауданы Ынтымақ ауылы Мәңгілік ел көшесі № 45. Мектеп сыймдылығы 330 орын, жалпы көлемі 1200 шаршы метр, қолдануға берілген жылы 2001 жыл, ауысым саны - 2, 1 ауысымда-134, 2 ауысым -179, мұғалім саны-46, жоғары білімді -43, арнаулы орта -3, жоғары санатты- 6 мұғалім, 1 санатты-4, 2 санатты-7, санатсыз- 12 мұғалім, педагог зерттеуші- 3, педагог сарапшы -9, педагог модератор-5. Жалпы оқушы саны 313, 1-4 сынып - 163, 5-9 сынып -136, 10-11 сынып-14. Оқу кабинеттерінің саны -11, компьютер саны -110, барлығы интернетке қосылған, барлық кабинет жиһаздармен жабдықталған, жылу құрылғысы автономды (газ).
Қысқаша мәлімет: «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ № 37 ОМ МКМ. Мекен-жайы: Алматы облысы Іле ауданы Төле би ауылы Қарсақбай көшесі № 16 «А». Мектеп сыйымдылығы 300 орын, жалпы көлемі 7378,9 шаршы метр, қолдануға берілген жылы 2017 жыл, ауысым саны - 2, 1 ауысымда-177, 2 ауысым -176, мұғалім саны-38, жоғары білімді -36, арнаулы орта -2, 1 санатты-2, 2 санатты-6, санатсыз- 8 мұғалім, педагог зерттеуші- 6, педагог сарапшы -5, педагог модератор-11. Жалпы оқушы саны 353, 1-4 сынып - 154, 5-9 сынып -177, 10-11 сынып-22. Оқу кабинеттерінің саны -14, компьютер саны -43 барлығы интернетке қосылған, барлық кабинет жиһаздармен жабдықталған.
Қысқаша мәлімет: «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ № 45 ОМ МКМ. Мекен-жайы: Алматы облысы Іле ауданы Чапай ауылы Жұмбақтас көшесі № 16 «А». Мектеп сыймдылығы 120 орын, жалпы көлемі 3000 шаршы метр, қолдануға берілген жылы 1971 жыл, ауысым саны - 2, 1 ауысымда-191, 2 ауысым -117, мұғалім саны-45, жоғары білімді -44, арнаулы орта -1, жоғары санатты- 3 мұғалім, 1 санатты-2, 2 санатты-8, санатсыз- 9 мұғалім, педагог зерттеуші- 0, педагог сарапшы -15, педагог модератор-8. Жалпы оқушы саны 351, 1-4 сынып - 155, 5-9 сынып -174, 10-11 сынып-22. Мектеп асханасы 50 орын, 100 % құрылғылармен жабдықталған. Оқу кабинеттерінің саны -15, компьютер саны -120, барлығы интернетке қосылған, барлық кабинет жиһаздармен жабдықталған, жылу құрылғысы автономды (газ).
Біліктілікке қойылатын талаптар: 1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі; 2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді; 3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);
Білім беру ұйымының басшысының лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.
Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгереді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Білім беру ұйымының басшысының лауазымдық жалақы мөлшері 91140 (тоқсан бір мың жүз қырық) теңге.
Конкурс 2021 жылдың тамыз айының 26 күні «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ ғимаратында өтеді. Мекен-жайы: Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылы Титова к-сі 24 ғимарат.
Конкурсқа қатысу бойынша өтінім мен керекті құжаттар ағымдағы жылдың 23 тамызына дейін «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ кеңсесінде қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
8) медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;
9) соттылығының жоқ екенін туралы анықтама;
10) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.
Анықтама бойынша 8(72752)29870 телефон нөмірі арқылы немесе iliguoo@mail.ru электондық пошта арқылы кадрлық сұрақтарға жауап беретін қызметкеріне хабарласуға болады.