Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 69-270 «Іле ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104-бабының 5-тармағына және 106-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 69-270 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5848 тіркелген, 2021 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кiрiстер 191 231 272 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер 185 792 816 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер 23 038 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 588 408 мың теңге;                                                                              

трансферттер  түсiмі 4 827 010 мың теңге;

2) шығындар 192 002 036 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу 103 644 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 163 143 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 59 499 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 874 408 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 874 408 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 413 143 мың теңге;

қарыздарды өтеу 189 204 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 650 469 мың теңге.».

2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешiм 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.

Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы

 

С. Давлетов

Іле аудандық мәслихатының хатшысы

 

Р. Абилова

 

Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 69-270 «Іле ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
03 июня 2021