Іле ауданы әкімдігінің жанындағы кәмілетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2021 жылғы сәуір айында атқарған жұмысы туралы

Іле ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия 2021 жылғы сәуірде комиссия мүшелерінің қатысуымен «ZOOM» байланысы арқылы 2 отырыс өткізді. Жоспарға сәйкес 4 мәселе қаралды:

1. Іле ауданының аумағында 2021 жылғы 1 тоқсанда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, құқық бұзушылық және қадағалаусыз қалу туралы

2. Қадағалаусыз қалудың, құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау әдістерінің бірі ретінде үйірмелер қызметін кеңейтуге спорт бөлімінің қатысуы туралы

3. Кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сату фактілерін анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы

4. Қорғаншылықтағы (қамқоршылық) балалар үшін жәрдемақылардың, тиесілі алименттердің және өзге де төлемдердің пайдаланылуын бақылау туралы.

21 материал қаралып, олар бойынша келесі шешімдер қабылданды:

Оның ішінде:

  • «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 127 - бабы бойынша анасына қатысты ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жаза қолдану-1
  • азаматтығы жоқ тұлға ретінде есепке қою үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту және алдын алу жұмыстарын жүргізу – 2
  • мамандандырылған мектепке анықтау-1
  • жоғалған адамдарды іздеу туралы хабарландыру - 2
  • Қазақстан Республикасының азаматтығының ұзақ уақыт бойы ресімделмеуі және жеке басты куәландыратын құжаттардың болмауына байланысты депортациялау үшін материалдар дайындау - 1
  • кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін сот тәртібімен анықтау туралы мәселені шешу - 1
  • кәмелетке толмаған баланы мектептің бақылауына алу-2
  • ауылдық округ әкімі аппаратымен отбасын бақылауға алу - 2
  • «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңының ата-ана міндеттері туралы 24-бабының талаптарын орындау - 3
  • орта арнаулы мекеме әкімшілігінің өтінішіне байланысты жалпы білім беретін мектепке ауыстыру-1
  • кәмелетке толмаған баланың, сондай-ақ заңды өкілдердің қатыспауына байланысты материалды келесі отырыста қарау - 5
Іле ауданы әкімдігінің жанындағы кәмілетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2021 жылғы сәуір айында атқарған жұмысы туралы
Дата публикации
11 мая 2021