Іле ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін өз міндеттерінен босату туралы

26.05.2021 ж.                                                                       №14

 Іле ауданы бойынша учаскелік сайлау

комиссияларының мүшелерін

өз міндеттерінен босату туралы

          "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабының 6-тармағына сәйкес Іле аудандық сайлау комиссиясы өз қалауы бойынша міндеттерден босату туралы өтініш беруіне байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Өз міндеттерін орындаудан:

 1) Чапаев ауылы № 414 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Окасова Жадыра Қасымханқызы;

2) Чапаев ауылы № 414 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Брайт Татьяна Яковлевна;

3) Чапаев ауылы № 414 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Ешмұханова Айсұлу Нұрадинқызы;

4) Чапаев ауылы № 415 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Рахатова Жанар Құралбайқызы;

5) Чапаев ауылы № 416 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Ержанова Ақбаян Көптілеуқызы;

6) Чапаев ауылы № 416 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Асанов Әлімжан Амитұлы босатылсын.

2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Іле ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Іле аудандық сайлау комиссиясының хатшысы М.Қалдыбаеваға жүктелсін.

         Іле аудандық сайлау

         комиссиясының төрайымы                                          Г.Чинаева

         Секретарь районной

         избирательной комиссии                                          М.Калдыбаева

Іле ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін өз міндеттерінен босату туралы
Дата публикации
26 мая 2021