Іле ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

ЖОБА

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 11-бабының 1-тармағына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Іле ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Іле ауданының елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын түзету коэффициенттері мен елді мекендердегі аймақтардың шекараларын бекіту туралы» 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 6-28 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 65929 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

Іле ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Дата публикации
11 мая 2021