Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 36-1 бабының 10, 11 тармақтарына сәйкес және Іле аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы "28" сәуірде өткен Алматы облысы Іле ауданы Энергетический ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындылары туралы хаттамасының негізінде Іле аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. 1985 жылы туған Қанат Қасымханұлы Рахимов; ұлты - қазақ, "Nur Otan" партиясының мүшесі, Чапаев ауылдық округінің әкімі; Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылында тұратын - Энергетический ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
2. Осы Іле аудандық сайлау комиссиясының сайланған Энергетик ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы қаулысы Іле ауданының әкіміне және тиісті мәслихатқа жіберілсін.
3. Сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және Іле ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
Өтеген батыр ауылы
2021 жылғы «28» сәуір