1.1. «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыру.
2.1. Байқаудың ұйымдастырушысы Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы болып табылады.
2.2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру басқарманың ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
3.1. Байқауға облысымыздағы 17 аудан және 3 қала бойынша алдын-ала іріктеуден өткен, мемлекеттік тілді жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы этнос жастары қатыса алады.
3.2. Байқауға қатысу үшін үміткер алдын ала 3 минуттық қысқа метражды фильм ұсынуы тиіс. Фильмде үміткердің мемлекеттік тілді дамытуға қосып жүрген үлесі, қоғамдағы белсенді рөлі кеңінен ашылып көрсетілуі тиіс.
3.3. Байқау 2 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде қазылар алқасы аудан, қалалардан іріктеу турынан өткен, байқауға қатысушылардың өтінімі бойынша түскен бейнематериалдарды бағалайды.
Екінші кезең. Байқау онлайн режимде өткізіледі. Қатысушылар ұяшық таңдау арқылы берілген тақырыпта ой толғайды (3 минут) және мақалдың мазмұнын ашады (2 минут). Өтетін уақыты қосмымша хабарланады.
3.4. Байқау жеңімпаздарына диплом, алғыс хат, ұйымдастырушылармен бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтар табысталады.
4.1. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін тіл мен әдебиет салаларының білікті мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдерінен тұратын қазылар алқасы құрылады.
4.2. Байқауға қатысу туралы өтінім 2021 жылғы 18 мамырға дейін қабылданады (қосымшаға сәйкес).
4.3. Ұсынылған бейнематериалдар «Tilalemi.kz» порталындағы «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» айдарына және әлеуметтік желілерге (фейсбук, инстаграмм) орналастырылады.
4.4. Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.
4.5. Байқауға қатысуға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
4.6. Байқау материалдарын kultura_ili@mail.ru , zh.kasymkhanova@zhetysu.gov.kz электронды поштасына жолдау қажет.
Байланыс телефондары: 8 (72752) 2-06-15, 8 776 422 32 22..