Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 36-1 бабының 4,6-тармақтарына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Іле аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Энергетический ауылдық округінің әкіміне кандидаттар ретінде тіркелсін:
1. Рақымжан Бақытжан Көкенұлы 1987 жылы туылған, Іле аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, тұрғылықты жері: Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылы;
2. Рахимов Қанат Қасымханұлы 1985 жылы туылған, Чапаев ауылдық округінің әкімі, тұрғылықты жері: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы;
3. Саттарбай Қуаныш Тапықұлы 1993 жылы туылған, Жетіген ауылдық округ әкімінің орынбасары, тұрғылықты жері: Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылы.
2021 жылғы «06» сәуір