1.Жалпы ережелер
1.«Іле ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалымен, «Janr» Жетісу әдеби клубымен және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамымен бірлесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани құндылықтарды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әдебиеттің дамуына ықпал етіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Алматы облысы әкімінің «Ақ қауырсын» жүлдесі үшін «Тіл – ғұмыр» атты байқауына аудандық іріктеу байқауын жариялайды.
2. Байқауды өткізудің мақсаты:
1) «Тіл және Тәуелсіздік» тақырыбына бір өлең;
2) Еркін тақырыпта бір өлең.
Проза бәйгесі:
1) «Тіл – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ел бірлігін насихаттауға арналған шығарма.
6. Әр автордың бұған дейін еш жерде жарияланбаған шығармасы, яғни поэзия 8 бет, проза 15 бет көлемінде болуы шарт. Сонымен қатар шығарма компьютерде Times New Roman қарпімен, 1,5 интервалымен, 14 кегльмен терілуі шарт.
7. Байқауға 20-45 жас аралығындағы (қаламгерлер, ақындар, журналистер) барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
8. Шығарманы бағалауда көркемдік деңгейінің жоғары болуына, идея ерекшелігіне, әдеби-көркем құндылығына, баяндау реттілігі мен мағыналылығына, жанрға сәйкестігіне, эстетикалық әсер теңдігіне, грамматикалық және стилистикалық қателердің болмауына, тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі (плагиатқа тексеріледі).
9. Байқауға барлық шартқа сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар қабылданады.
10. Шығармалар 2021 жылғы 20 наурызынан бастап 15 сәуірге дейін қабылданады. Шығарманың электронды нұсқасы, қатысушының аты-жөні (жеке куәлігінің скан.нұсқасы), тұрғылықты мекенжайы, ұялы телефон нөмірі, электронды мекенжайы, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат (қосымша берілген үлгіге сәйкес) бөлімге ұсынылады.
5.Қорытынды ережелер
11. Байқауға келіп түскен шығармаларды танымал қаламгерлерден құрылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
12. Байқауға түскен барлық шығарма іріктеліп, үздік деп танылғаны бөлімнің әлеуметтік желілерінде жарияланады.
13. Жеңімпаздарды марапаттау уақыты қосымша хабарланады.
14. Байқаудың жүлделі орын алған қатысушыларының шығармалары облыстық байқауға жіберіледі. Облыстық деңгейде І орын иегеріне «Ақ қауырсын» атты Алматы облысы әкімінің арнайы жүлдесі табысталады. Сондай-ақ жүлделі орын иелері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады. Байқауға соңғы 3 жылдағы «Ақ қауырсын» жүлдесінің иегерлері қатыстырылмайды.
Біздің мекенжайымыз: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, З.Батталханов көшесі, 8, «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, 217,218 кабинеттер.
Байланыс телефондары: 8 (72752) 2-06-15, 8 (776) 422 32 22 Жанна Қасымханова, электрондық пошта адресі: zh.kasymkhanova@zhetysu.gov.kz., kultura_ili@mail.ru