Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 35-164 «Іле ауданы бойынша базалық салық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

1. «Іле ауданы бойынша базалық салық мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы № 35-164 Іле аудандық мәслихатының шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 4932 тіркелген, 2018 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы

 

 

С. Жарқынбеков

Іле аудандық мәслихатының хатшысы

 

 

Р. Абилова

Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 35-164 «Іле ауданы бойынша базалық салық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
31 марта 2021