Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабының 10, 11-тармақтарына сәйкес және 2021 жылғы «17» наурызда өткен Алматы облысы Іле ауданы КазЦИК ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындылары туралы Іле аудандық сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде, Іле аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Жұмабаев Бауыржан Ақжолұлы 1983 жылы туылған; қазақ, "Nur Otan" партиясының мүшесі, Энергетический ауылдық округінің әкімі; тұрғылықты жері: Алматы облысы, Іле ауданы, Қоянқұс ауылы - Алматы облысы Іле ауданы КазЦИК ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
Өтеген батыр ауылы
2021 жылғы «17» наурыз