2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 69-270 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5848 тіркелген, 2021 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кiрiстер 191 064 069 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер 186 022 644 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер 19 938 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 394 540 мың теңге;
трансферттер түсiмі 4 626 947 мың теңге, оның ішінде:
2) шығындар 191 175 734 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу 103 644 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 163 143 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 59 499 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге; оның ішінді:
қаржылық активтерді сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 215 309 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 215 309 теңге.
қарыздар түсімі 413 143 мың теңге;
қарыздарды өтеу 222 064 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешiм 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.
|
Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы Іле аудандық мәслихатының хатшысы |
|
С.Жарқынбеков
Р.Абилова |