Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 36-1 бабының 4,6-тармақтарына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Іле аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
КазЦИК ауылдық округінің әкіміне кандидаттар ретінде тіркелсін:
- Жұмабаев Бауыржан Ақжолұлы 1983 жылы туылған, Энергетический ауылдық округінің әкімі, тұрғылықты жері: Алматы облысы, Іле ауданы, Қоянқұс ауылы;
- Қожатаев Азамат Төлебайұлы 1993 жылы туылған, КазЦИК ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы, тұрғылықты жері: Алматы облысы, Іле ауданы, КазЦИК ауылы;
- Құлымбетова Динара Әбуқызы 1989 жылы туылған, КазЦИК ауылдық округі әкімінің орынбасары, тұрғылықты жері: Алматы қаласы, Жетісу ауданы;
- Рахимов Қанат Қасымханұлы 1985 жылы туылған, Чапаев ауылдық округінің әкімі, тұрғылықты жері: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы.
2021 жылғыи «24» ақпан