Іле ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары мен әкімінің шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Іле ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары мен әкімнің шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің орынбасары С. Ибраевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекетті тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Б. Қарасаев

Іле ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары мен әкімінің шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
08 февраля 2021