Жоба
Боралдай кенті көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Боралдай кенті халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 26 наурыздағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Боралдай кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Боралдай кентінің келесі көшелері қайта аталсын:
Боралдай кентіне қарасты Железнодорожная көшесі «Нұрлы жол» көшесіне, «Уфимская» көшесі «Керей хан» көшесіне, «Ереванская» көшесін «Жәнібек хан» көшесіне, «Чапаев» көшесі «Есіл» көшесіне, «Автомобилист» көшесі «Лепсі» көшесіне, «Вокзальная көшесі «Хантау» көшесіне, «Луговая» көшесі «Үшқоңыр» көшесіне, «Советская» көшесі «Төле би» көшесіне, «Заводская» көшесі « Қазыбек би» көшесіне, «Солнечная» көшесі «Нұра» көшесіне, «Московский бұрылысын» «Алтай бұрылысына, «Уральская» көшесі «Орал» көшесіне, «Ленин көшесі «Алаш» көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі Д.Қоңырбаев