Іле ауданы өткен жылы әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерде жоспарланған межелерді орындап, көптеген салада күтілген нәтижелерден артық көрсеткіштерге қол жеткізді. Сол атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2021 жылдың міндеттерімен таныстырып өтсек.
Ауданның өнеркәсіп негізін және индустриалдық базасын 26 ірі және орта кәсіпорындар қалыптастырады. Есепті кезеңде 428,0 млрд.теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты индекс көлемі 100,8% құрады.
Облыс көлемінде аудан өнеркәсібінің үлесі 36.6% болды.
20 өнеркәсіп нысаны қолданысқа беріліп, 14 кәсіпорын өз өндірістерін кеңейтіп, 720 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Жоспарланған 15 өнеркәсіп нысандарының іске қосылуы, 12 жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістерінің кеңейтілуі және индустрияландыру картасы аясында іске қосылған кәсіпорындардың толық жобалық қуаттылығына шығуы арқылы 2021 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін 430,0 млрд. теңгеге дейін жеткіземіз деген жоспарымыз бар.
Ауылшаруашылық саласын қолдауға 3,5 млрд.теңге бөлініп, өсімдік шаруашылығында жаңа технологияларды қолдану және 202,7 млн.теңгеге 39 ауылшаруашылық техникаларын сатып алу арқылы аудан ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі
86,1 млрд. теңгеге жетіп, нақты индекс көлемі 102,1% құрады, ал 2021 жылы 93,5 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда.
Жалпы ауылшаруашылық дақылдары жоспарға сәйкес өндірілді.
87,5 мың. тонна дәнді дақылдар (100,8%), оның ішінде дәнді жүгері – 70,9 мың.тонна (100,6%), майлы дақылдар – 16,6 мың.тонна (95,1%), сонымен қатар, картоп – 39,2 мың.тонна (103,5%), көкөністер – 136,3 мың.тонна (103,7%), бақша дақылдары – 27,0 мың.тонна (102,2%) өндірілді.
Ауданда жалпы алаңы 2,7 гектарды құрайтын 25 жылыжай жұмыс істейді, оларда 200 тонна көкөніс өсіріліп жиналды.
Жиналған өнімді сақтау үшін ауданда жалпы сыйымдылығы 17200 тоннаны құрайтын 11 көкөніс және сыйымдылығы 5100 тонналық 6 картоп қоймасы жұмыс істейді. Есепті кезеңде 12100 тонна көкөніс және 3810 тонна картоп сақталуға салынды.
Мал шаруашылығында 88,5 мың тонна ет өндірілді (2019 ж.- 96,0 мың тонна), 2021 жылы 96,0 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда.
«Ақ Сүт ЛЛС» атты 1200 бастық сүт-тауарлы фермасы іске қосылып, 2019 жылмен салыстырғанда 2,7 мың тоннаға артық 56,9 мың тонна сүт сауылды (54,2 мың тонна-2019ж), 2021 жылы 57,5 мың тонна сүт өндіру жоспарланды.
«Сары–Булак» Компаниясындағы өндірістік қиындықтарға сәйкес, 126,5 млн. дана жұмыртқа өндірілді (2019 ж. - 156,0 млн.дана).
Ауданда 800 басқа арналған 4 бордақылау алаңдары бар, 2090 басқа арналған 3 сүт-тауарлы ферма жұмыс атқаруда (Междуреченск агро, Монтажник, Ақ Сүт).
«Бақ-Дәулет» несие серіктестігі арқылы 7 шаруа қожалығы 108,6 млн.теңге көлемінде несие алды. Олардың ішінде 94,4 млн. теңге мал шарушылығын дамытуға (50 бас ірі қара мал,1388 бас ұсақ мал, 54 бас жылқы сатып алынды) және 1 шаруашылық қожалығы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 6,0 млн.теңге алды және 8,2 млн.теңгеге ауылшаруашылық техникасы сатып алынды.
Ветеринарияда аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстары толықтай жүргізілді.
Бруцеллез ауыруына жоспарлы диагностикалық зерттеу жұмыстары барысында (ірі қара 26,7 мың бас, қой 88,6 мың бас, шошқа 108 бас және ит 289 бас) 139 бас ірі қара және 95 бас қойдың ауырғаны анықталып, тиісті шаралар жүргізілді.
Суармалы жерлердің сумен қамтылуын жақсарту және айналымнан шыққан жерлерді қайта тарту үшін «Қызыл-Ту» №1 және №2 тоғандарына (80 млн.теңгеге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы 10 су шаруашылығы объектілерінің жөндеуіне жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Аталған жобалар жүзеге асырылған жағдайда 132 км суару желілері қамтылып, 5500 гектар алқаптағы суармалы жер айналымға қосылады.
Биылғы жылы құны 586 млн. теңгені құрайтын "Самбет" және "Свинсовхозный" каналдарын күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда, нәтижесінде 1293 гектар жер айналымға тартылатын болады.
Негізгі капиталға инвестициялар 99,8 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі-117,5%.
Инвестициялардың негізгі көлемі - 88,0 млрд.теңге немесе 88,2% бюджеттен тыс қаражат есебінен орындалды, бұл 2019 жылғы деңгейден 11,4% - ға артық (2019 ж. - 79,0 млрд. теңге).
2021 жылы 22,5 млрд. теңге сомасына 26 ірі және орта кәсіпорындарды жаңғыртуды кеңейту есебінен аудан экономикасына 103 млрд. теңге сомасында инвестициялар тарту көзделуде («Филип Моррис Қазақстан» ЖШС - 2,5 млрд.теңге; «Джей Ти Ай» ЖШС - 2 млрд.теңге; «Шин Лайн» ЖШС - 2,0 млрд.тенге; «Берикап Казахстан» ЖШС - 500 млн.теңге; «Райымбек Агро» ЖШС - 200 млн.теңге; «Первый пивзавод» ЖШС - 500,0 млн.теңге; «Лукойл Лубрикантс» ЖШС - 1,5 млрд.теңге; «Гранит Талэс» ЖШС - 500,0 млн.теңге; «КазакГлассКомпани» ЖШС - 2,0 млрд.теңге; «Даулет Бекет» ЖШС - 500,0 млн.теңге; «Фуд Таун» ЖШС - 500,0 млн.теңге; «Боралдай нан» ЖШС - 200,0 млн.теңге; «АВЗ» ЖШС - 500,0 млн.теңге; «Данон Беркут» ЖШС - 200,0 млн.теңге және басқалары),
кезең-кезеңмен іске асыру есебінен жалпы сомасы 210,4 млрд. теңгеге 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын 13 жаңа ірі жоба іске асырылады. Ағымдағы 2021 жылы 310 жаңа жұмыс орны ашылатын және 67 млрд. теңге инвестиция тартылатын болады
(1. «ДжМДи групп» ЖШС - медициналық бұйымдар шығаратын зауыт құрылысы, инвестиция 1,1 млрд.теңге, 80 жұмыс орны (2022 жылы іске қосылады); 2. «ZhetysuKoy» ЖШС (Бауман, Baumann) - ұсақ мал етін өңдеу кешенінің құрылысы, инвестиция – 10,0 млрд.теңге, 450 жұмыс орны (2022 жылы іске қосылады); 3. «Pure Pack (Пур Пак)» ЖШС қуаты 245 мың тонна, инвестициясы 1,3 млрд.теңге 97 жұмыс орны ашылатын алкогольсіз сусындар өндірісі зауытының құрылысы (2022 жылы іске қосылады); 4. «Арказ Инвест» ЖШС - өндірістік-өнеркәсіптік кешен, инвестициясы 10 млрд.теңге, 150 жұмыс орны (2023 жылы іске қосылады). 5. «Zor-Biogas» ЖШС, Чапаев ауылы, биогаз бен күн энергиясын пайдаланатын, қуаты 4,8 МВт/сағ электр станцияларын салу. Инвестициялар – 1,0 млрд. теңге, 30 жұмыс орны (2021 жылы іске қосылады); 6. «Эталон» ЖШС әлеуметтік -экономикалық маңызы бар объектілердің құрылысы (140 тұрғын үй объектісі, оның ішінде әлеуметтік үйлер, сауда объектілері және басқалар), 150 жұмыс орны, 1,5 млрд.теңге инвестиция (2022-2023 жж. кезең-кезеңімен енгізу); 7. «Азия темір ЛТД» ЖШС жылына қуаты 10 мың тонна темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт салу, 24 жұмыс орны, 2,8 млрд. теңге инвестиция (2022 жылы іске қосылады); 8. «Алатау-Құс» АҚ 20 жұмыс орны, 1,2 млрд.теңге инвестиция, қуаты 20 т/сағ жемшөп зауытының құрылысы (2021 жылы іске қосылады); 9. «СТК Сокол» ЖШС спорттық-техникалық кешенінің құрылысы, инвестициялар 10,0 млрд.теңге, 100 жұмыс орны (2022 жылы енгізіледі); 10. «Waste Energy Қазақстан (Вест Энерджи Қазақстан)» ЖШС био газдан қуаты 4 МВт электр энергиясын өндіру зауытын салу, 100 жұмыс орны (2022 жылы іске қосылады) 20,2 млрд.теңге инвестиция; 11. «Достар» ЖШС көтерме-тарату орталығының құрылысы, 76,8 млрд.теңге инвестиция, 7000 жұмыс орны (кезең-кезеңмен енгізу 2022-2026 жж.). 12. «Фуд Пакеджинг» ЖШС азық-түлік орамасын өндіретін зауыт, 4,5 млрд.теңге инвестиция, 30 жұмыс орны (2021 жылы іске қосылады); 13. «КТС Доминант» ЖШС КазЦИК а. көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы, инвестиция 70,0 млрд. теңге, 250 жұмыс орны (кезең-кезеңмен енгізу 2022-2027жж)) және «Береке» индустриялық аймағында 2021-2023 жылдары кезең-кезеңімен іске асырылатын 6 жоба (37,9 млрд.теңгеге, 650-ден астам жұмыс орны ашылады).
(1. «Аксель и А» ЖШС - GDP халықаралық стандартына сәйкес келетін қойма үй-жайларының кешені, алаңы 4 000 шаршы метр GDP халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін қойма кешенінің құрылысы, сондай – ақ ауданы 700 шаршы метр өндірістік-әкімшілік ғимарат, инвестиция-700 млн.теңге, 40 жұмыс орны (2021 жыл); 2. «КС Инвест Групп» ЖШС-фармацевтикалық зауыт, жобаның қуаты: 1 – ші кезең: 2020 жыл: 5 млн./жыл капсулалар: 1 млн./жыл, инвестиция-700 млн. теңге, 52 жұмыс орны (2022 жыл); 3. «Дархан МНМ» ЖШС-аяқ киім фабрикасы, қуаты жылына 150,0 мың жұп, инвестиция-800 млн. теңге, 200 жұмыс орны (2022 жыл); 4. «Ризық Агро» ЖШС-жартылай фабрикаттар өндіру цехі бар сүт зауыты, сүт қуаты-тәулігіне 10 тоннадан 21 тоннаға дейін, қымыз-тәулігіне 3 тоннадан 6 тоннаға дейін, жартылай фабрикаттар (манты, тұшпара, қазы) – тәулігіне 1 тоннадан 3 тоннаға дейін, инвестиция – 530 млн.теңге, 200 жұмыс орны (2022 жыл); 5. «Мекада» ЖШС - металл құрылымдарынан жасалған тез тұрғызылатын ғимараттар мен құрылыстар өндірісі, жобаның қуаты: терезе профилі: жылына 540 мың. п/м, пішінді табақтың прокаты жылына 680 мың п/м, пішінді құбырлар жылына 1600 тонна, қос таврды дәнекерленген арқалық жылына 3000 тонна, қос таврды дәнекерленген арқалық жылына 100 Ш1 2600 дана, инвестициялар – 145 млн.теңге, 15 жұмыс орны (2023 жыл); 6. «Каз Агро Тех» ЖШС-жаңа буынды жылыжай құрылысы, жобаның қуаты - жылына 8,2 млн. кг. қызанақ, инвестиция-35 млрд. теңге, 150 жұмыс орны (2023 жыл)).
Сондай-ақ, «Боралдай» өнеркәсіптік аймағында қазіргі уақытта жалпы инвестиция сомасы 8,5 млрд.теңгеден асатын 4 нысанның құрылысы жүргізілуде, онда 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Оның ішінде, 2021 жылы 6 млрд.теңге тартылады және 60 жаңа жұмыс орны ашылады.
(1. «Алюгал» ЖШС-алюминий профилінің өндірісі, қуаты жылына 2500 тонна, инвестиция – 5 млрд. теңге, 100 жұмыс орны; 2. «Аспан Азия» ЖШС-жартылай фабрикаттар (тез дайындалатын кеспе) өндіретін зауыт, қуаты 6500 тонна, инвестиция 1,8 млрд. теңге, 50 жұмыс орны; 3. «Электромашинное двигательное производство» ЖШС 2-кезең, сервистік қызмет көрсету нысанының құрылысы, инвестиция 500 млн. теңге, 60 жұмыс орны; 4. «Human Development (Хуман Девелоупмент)» ЖШС 12 жұмыс орны, 1,2 млрд. теңге инвестиция, қуаттылығы жылына 9,1 млн. литр бөтелкедегі суды өндіру зауыты).
Ауданның шағын және орта кәсіпкерлігінің субъектілер саны 11284 бірлікті құрады. Бұл салада жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 32 мың адамнан артты.
Олар 290,3 млрд. тенгенің өнімін шығарып, бюджет түсімдерінің 11 % - ін құрап, 31,2 млрд. теңге салық түсірді, ал 2021 жылы өнім көлемін 300 млрд. теңгеге орындап, салық түсімдерін - 34 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда.
Бөлшек тауар айналымы 70,8 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 100,3% орындалды, ал 2021 жылға болжам 72 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда.
Есепті кезеңде 50 жаңа нысан ашылып, нәтижесінде 250 жаңа жұмыс орындары құрылды (2021 жылға жоспар - 46 нысан).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 22,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 108,1% болды.
157,3 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып, іске қосылды, былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 9,2% артты. 2021 жылы құрылыс жұмыстарының көлемін 31 млрд. теңгеге және тұрғын үй құрылысын 154,8 мың шаршы метрге дейін жеткізу жоспарлануда.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Өтеген батыр ауылында жалпы алаңы 3,6 мың шаршы метр пәтерлі кредиттік тұрғын үй құрылысы аяқталып, 60 отбасы пәтер иеленді.
Биылғы жылы Өтеген батыр ауылында жалпы алаңы 2,8 мың шаршы метр 60 пәтерлі кредиттік үйдің құрылысы аяқталуда, сонымен қатар үш 72 пәтерлі тұрғын үй құрылысының жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалып бір үйдің құрылысы аяқталады деп күтілуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ауданда «Шаңырақ» (5-10-20), «7-20-25» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары жүзеге асырылуда.
«7-20-25» бағдарламасымен жыл басынан аудан бойынша 14 азамат пәтер иеленді (ЖК «Қазыбай» -8, «Нүрия» тұрғын үй кешенінен -1, «Аспан Сити» тұрғын үй кешенінен -1, «Грес парк» тұрғын үй кешенінен -2, «Гранит» тұрғын үй кешенінен-12 пәтер). «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша үй кезегінде тұрған көпбалалы аналар, аз қамтылған және мұқтаж азаматтардың ішінен 72 отбасы баспаналы болды.
«Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы бойынша 78 азамат төлем қабілеттілігін растап, оның ішінде 51 азамат пәтерді «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған үйлерден алса, Боралдай кентінде «Azar» құрылыс компаниясы салған «Гранит» тұрғын үй кешеніндегі 3 көппәтерлі тұрғын үйден 26 азамат және «Грес парк» тұрғын үй кешенінен
1 азамат пәтер иеленді.
«КIG (Kassanov Investment group)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қоянқұс» жобасы бойынша, жалпы алаңы 71550 шаршы метрлі 27 тоғыз қабатты тұрғын үй салу үшін жобалау жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ, «Эталон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен Өтеген батыр ауылында 100 коттеджді үйлер салу жоспарлануда (Үйлердің 4 түрі болады: 1)TownHouse - 1 үйде 4 пәтерден тұратын, жалпы ауданы 4200 шаршы метр болатын 14 үй. 2) Econom класс - жалпы ауданы 3770 шаршы метрді құрайтын 50-ге жуық үй. 3) Comfort - жалпы ауданы 3300 шаршы метрболатын 30 үй. 4) Коммерциялық - сауда орталығы, жалпы білім беретін мекеме, ауданы 3000 шаршы метр, инвестиция көлемі 1,7 млрд. теңге).
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында ауданның 6 елді мекенінде 5 жоба бойынша абаттандыру жұмыстары аяқталды (оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 3 жоба 581,0 млн.тенгеге Өтеген батыр, ҚазЦИК ауылдары және Боралдай кенті және Байсерке, Екпінді, Жауғашты, Ақши ауылдарында). Мемлекеттік сараптамадан өткен Жетіген ауылын абаттандыру бойынша жоба бар, құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың екінші тоқсанында бастау жоспарлануда.
Сондай-ақ, 8 елді мекенде сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар аяқталды (оның ішінде 5 жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша Покровка, Өтеген батыр, Байсерке, Ынтымақ, Жаңа дәуір және Жәпек батыр, Жауғашты ауылдарында), ағымдағы жылы КазЦИК ауылында сумен жабдықтау желілерінің құрылысын бастау жоспарлануда. Бүгінде Жетіген, Междуреченск, Екпінді ауылдары мен Боралдай кентін сумен жабдықтау бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Бұдан басқа, Өтеген батыр ауылындағы №1 КСС-ның ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ағымдағы жылы Өтеген батыр ауылындағы кәріз жүйелері мен КСС құрылыс жұмыстары жалғастырылады және Боралдай кентіндегі кәріз жүйелері мен КСС құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында аудан бойынша 17 ТҚС (трансформаторлық қосалқы станциялар) орнатылды, 7 ТҚС жөнделді, 69,3 км электр беру желілері, 34,8 км көше жарықтандыру желілері салынды. Еңбек, Ынтымақ, Көкқайнар, Жетіген ауылдарында электр беру желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды, Боралдай кентінде ағымдағы жылы жалғасатын болады.
Ағымдағы жылы Байсерке (2), Жетіген (6) ауылдарында 8 блокты-модульді қазандықтардың (БМҚ) жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстар басталды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Көктерек ауылының қазандығын газға көшіру жоспарлануда.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 13 елді мекенде жалпы сомасы 174,2 млн. теңгеге 18 жоба іске асырылды (11 елді мекендегі 21 көшенің жолдарын 137,1 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу (Еңбек, ҚазЦИК, Междуреченск, Покровка, Байсерке, Жаңа дәуір, Көкқайнар, Төле би, Н.Тілендиев ауылдары және Боралдай кенті), Жетіген, Ақши ауылдарында 8,6 млн. теңге сомасына балалар алаңдарын орнату; КазЦИК ауылында 3,5 млн. теңге сомасына бордюрлер мен металл аркаларды орнату, 17,5 млн. теңге сомасына Междуреченск, Чапаев, Ақши ауылдарында спорт алаңдарын орнату, 7,5 млн. теңге сомасына Боралдай кентіне жарықтандырылатын жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату), 2021 жылға 20 жобаны іске асыруға 174,2 млн.теңге бөлінді.
Ауданның елді мекендерін газдандыру нвестициялық бағдарлама бойынша 2015 жылдың мамыр айынан басталды.
Бүгінгі күні барлық тоғыз ауылдық округ пен Боралдай кенті газдандырумен қамтылды, 31 елді мекеннің 28 пункті қамтылды. Жобаға сәйкес ағымдағы жылы Жетіген ауылдық округінің 3 ауылында газдандыру жұмыстары басталады, олар Құйған, Еңбек, Жаңаарна.
Аудан аумағында орналасқан елді мекендерді газдандыру инвестициялық бағдарламасы бойынша 26 мердігерлік ұйым айналысады. Олар 8,1 млрд. теңге инвестиция тартты.
93 әлеуметтік нысанның 71-і (85%) газдандырылды. 3 мектепті газдандыру үшін ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтуде (№3, №21, №44 ОМ).
«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 1,4 млрд. теңгеге 57 көшенің жолдары жөнделді, оның ішінде 15 елді мекеннің (Өтеген батыр, Байсерке, Жаңаталап, Жаңа дауір, Ынтымақ, Қоянқұс, Жетіген, М.Түймебаев, ҚазЦИК, Комсомол, Чапаев, Екпінді, Жауғашты, Қараой ауылдары және Боралдай кенті) 27 көшенің 29,5 км орташа жөндеу және 11 елді мекенде (Өтеген батыр, Покровка, Ынтымақ, Жаңаталап, Жаңадәуір, Жетіген, Комсомол, ҚазЦИК, Қараой, Күрті ауылдары және Боралдай кенті) ұзындығы 19 км болатын 30 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Сонымен қатар, Байсерке ауылындағы темір жол арқылы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталды.
2021 жылы 295,0 млн. теңге сомасына Жаңаталап, Жаңадәуір, Ынтымақ, Қоянқұс, М.Түймебаев, Жетіген ауылдарының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары және 184,0 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстар жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, 8 округ пен Боралдай кентінің көшелерін орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда, оған 15 млн.теңге бөлінді.
Сонымен қатар, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Байсерке, КазЦИК, Қараой, Ащыбұлақ, Междуреченск ауылдық округтері мен Боралдай кентінде 107,0 млн.теңге сомасына 13 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Салық жинау және басқа да бюджетке төлемдердің жоспары (100,3%) орындалып, 284,9 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджетке 116,5 млрд. теңге және жергілікті бюджетке 168,4 млрд. теңге түсіп, 101,0% орындалды.
Облыс бюджетіне түскен қаржының 59,3% ауданның үлесінде.
2021 жылы жергілікті бюджетке 200,6 млрд.теңге, оның ішінде аудандық бюджетке 186,4 млрд.теңге және ауылдық бюджетке – 1,5 млрд. теңге түседі деп жоспарлануда.
Ауданның бюджет шығысы 48,1 млрд. теңгеге немесе 99,9% орындалды (2019 жылы 99,8% құрады).
Бюджеттің жалпы шығысының басым бөлігі немесе 75,7% білім саласына, 4,9 % – әлеуметтік және 9,4% тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына бағытталды.
Бюджет шығысы білім беру жүйесінің облыстық бюджетке көшуіне байланысты азайып, 2021 жылға 9,1 млрд. теңге көлемінде бекітілді, оның ішінде аудан бюджеті 7,5 млрд. теңге, ауылдық бюджет – 1,6 млрд. теңге болмақ.
Білім саласында 158 мектепке дейінгі мекеме қызмет етеді (9 мемлекеттік, 147 жеке меншік және 2 шағын орталық), оның ішінде 3-тен 6 жасқа дейінгі қамту 96,1% (2019 жылы – 83,4% қамтылған, өсу деңгейі 12,7%).
Сонымен қатар, Боралдай кентіндегі «Әдемі» балабақшасының және Өтеген батыр ауылындағы «Қуат» балабақшасының ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2021 жылы 1600 орынды 15 жеке меншік балабақша ашып, 98,5% қамту жоспарланған (Балабақшаға кезекте 0-мен 6 жас аралығындағы 4279 бала тіркелген).
Ауданда 54 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, (оның ішінде 5 жекеменшік мектеп, 1 кешкі мектеп), оларда 62733 оқушы оқиды. Оқушылар саны 2019 жылмен салыстырғанда 2905 оқушыға немесе 3,6% өсті.
Биылғы оқу жылында М.Туймебаев ауылында типтік үлгідегі «Montessori Academy» атты 600 орындық жекеменшік мектеп ашылды. Қазіргі таңда 126 оқушы білім алуда.
2019-2020 оқу жылында 11 сыныпты 1677 бала бітірді, оның 214 «Алтын белгі» иегері болды, 65 түлек «Үздік аттестат» алды.
11-ші сыныпты бітірушілердің 1190-ы немесе 70% жоғарғы оқу орындарына, оның ішінде 649 немесе 38,3% түсті.
Аудан бойынша жалпы оқушылардың білім сапасы өткен жылмен салыстырғанда 3,5% артып, 70,0% құрады.
Бала санының өсуіне байланысты ауданның 19 мектебі үш ауысымды оқыту режимімен жұмыс істейді (Қоянқұс № 1 ОМ, Жәпек батыр №4 ОМ, Байсерке №9, 12 ОМ, Қараой №18 ОМ, Қосөзен №14 ОМ, Междуреченск №16 ОМ, Боралдай №15,17,23,40 ОМ, Түймебаев №20 ОМ, Көкқайнар №29,44 ОМ, Жаңаталап №25 ОМ, Еңбек №33 БМ, Өтеген батыр № 38 МГ, Әли №22 ОМ, Комсомол №31 ОМ).
Үш ауысымды мектептерді жою мақсатында жаңа оқу жылына Түймебаев ауылындағы №19 орта мектебіне 300 орынды жапсаржай іске қосылды және 8 жаңа мектеп құрылысы басталды (300 орынды Боралдай кенті, 600 орынды Косөзен ауылында, 900 орынды Қараой мен Жапек батыр ауылдарында, 600 орынды Жанаталап ауылында және 1500 орынды Боралдай кенті, Междуреченск, Көкқайнар ауылдарында). Сонымен қатар 2 мектептің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде (Коянқұс ауылында 900 орынды мектеп, Байсерке ауылында 552 орынды жапсаржай).
«Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы аясында Жетіген ауылының №11 орта мектебіне және № 3 орта мектебінің шатырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, оған 753,0 млн.теңге қаражат жұмсалды. Аудан бойынша сегіз мектептің ішкі дәретханаларында жөндеу жұмыстары жүргізілді (№1,2,23,25,29,30,33,41).
Сонымен қатар, 2 мектептің (Екпінді ауылының № 2 ОМ және Қосөзен ауылының № 14 ОМ) күрделі жөндеуіне жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
Денсаулық сақтау саласында 34 мекеме жұмыс атқарады, Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасын қосқанда 1058 төсек ұйымдастырылған, жалпы 681 дәрігер және 1643 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау нысандарына Республикалық бюджет есебінен 142,6 млн. теңгеге медициналық жабдықтар және 377,2 млн. теңгеге 5 жедел-жәрдем автокөліктері сатып алынды.
Жергілікті бюджеттен азаматтардың жекелеген санатын дәрі-дәрмек және вакцинамен қамтамасыз ету үшін 1,5 млрд.теңге бөлініп, толық игерілді.
Елімізде орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты орталық ауруханада 60 төсектік инфекциондық бөлімше ұйымдастырылды.
Орталық ауруханада кең ауқымды талдаулар жүргізу үшін 56 млн.теңгеге ПТР (ПЦР тест/ полимеразды тізбекті реакция) зертханасы ашылды.
2020 жылы денсаулық сақтау саласында Н.Тлендиев ауылында 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып, іске қосылды, оған бюджеттен 318,0 млн.теңге бөлінді.
Сонымен қатар 7,9 млн.теңгеге 3 емдеу мекемелеріне газдандыру жұмыстары жүргізілді (Покровкада ДА, Қосөзенде ДА, Толебиде МП). 2021 жылы Коккайнар және Коянкус ауылдарындағы емдеу мекемелерін газдандыру жоспарланып отыр.
Аудан бойынша халық саны 223,9 мың адамды құрады, экономикалық тұрғыдан белсендi халық саны 102,2 мың адам, жұмыспен қамтылған халық саны 97,8 мың адам. Оның ішінде өздігімен жұмыспен қамтылғандардың саны 19,5 мың адам болды, халықтың жұмыспен қамтылған санында өздігімен жұмыс істейтіндердің үлесі 20,0 % құрады. Жұмыссыз халықтың саны 4441 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,3% құрады.
Өткен жылы аудан экономикасының барлық салаларында 4102 жаңа жұмыс орындары құрылып жоспар 114,0% орындалды (2021 жылға 3760 жұмыс орнын құру жоспарлануда).
«2017-2021 жылдарға арналған Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында 2012 адам жұмылдырылып, 502,9 млн.теңге қаражат жұмсалды.
Қысқа мерзімді оқытуға 303 адам жіберіліп, 32,7 млн.теңге қаражат жұмсалды. Оқуды аяқтаған 195 адамның 193-і тұрақты жұмыспен қамтылды.
«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негізін алу үшін 294 адам оқытылды, оның 69 қатысушысы 311,7 млн.теңге шағын несие алды.
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 198 адамға 109,6 млн.теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді.Әлеуметтік жұмыс орындарына 97 адам, жастар тәжірибесіне 125 түлек, қоғамдық жұмыстарға 920 адам жіберілді.
Жыл басынан бері 7615 адам 171,4 млн. теңгеден астам соммаға әр түрлі әлеуметтік көмек алды. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын аз қамтылған отбасындағы 314 балаға 13,8 млн.теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Пандемияның салдарынан шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, жеке кәсіпкерлер және өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген 115 мың азаматқа Мемлекеттік сақтандыру қорынан біржолғы (42500 теңге) әлеуметтік төлем көлемінде көмек көрсетілді.
2021 жылға 1433 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтамасыз ету үшін 828,7 млн.тенге көлемінде қаражат жоспарланды. Оның ішінде: 200 адамды қайта даярлау, 90 адамды мемлекеттік грантқа оқыту, 920 адамды қоғамдық жұмыстарға жұмылдыру, 125 адамды жастар тәжіребиесімен және 94 адамды әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Аудан бойынша мүгедектер саны 4864 адамды немесе жалпы халық санының 2,2%-ды құрады, оның ішінде 2380-і оңалту қызметін алды.
Ауданда 17 мәдени және архив нысандары бар, оның ішінде 12 кітапхана, 4 мәдениет үйі, 1 архив.
Барлығы 1514 мәдени іс-шара өткізілді, оның ішінде Бүкілресейлік «Продети фест» гранттық өнер байқауының лауреаты «Элегия» үлгілі вокалдық ансамблін, «Айгөлек - 2020» Республикалық балалар байқауының алғыс хат иегерлері «Сармат» би ансамблін ерекше атауға болады.
Сондай-ақ, «Ауылым алтын бесігім» атты облыстық байқауда Іле аудандық мәдениет үйі үздіктер қатарынан танылып, Дипломмен марапатталып, дыбыстық аппаратура сыйлығын иеленді.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасы бойынша 13 мың адамды қамтыған 137 іс-шара өткізілді.
Дене шынықтыру және спортты дамыту мақсатында ауданда 322 спорт нысандары, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс атқаруда, онда спорттың 14 түрі бойынша 1481 спортшы шұғылданады.
Ағымдағы жылы аудан спортшылары 11 облыстық, 7 республикалық, 5 халықаралық жарыстарға қатысып, 215 жүлделі орын алды (71-1 орын, 79 - 2 орын, 65 – 3 орын).
Есептік кезеңде 1661 (43,3% азайды, 2019 ж. - 2927) қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде ауыр қылмыс 432 (2,5 есе өскен, 2019 ж.-176), аса ауыр қылмыс 27 (2,5 есе өскен, 2019 ж.- 11).
Тонау 3 есеге, пәтер тонау 4 есеге, көлік құралдарын ұрлау 11%-ке, бұзақылық 3,2 есеге, қарақшылық 5,5 есеге төмендеген, алайда адам өлтіру 2 есеге (18 жағдай), мал ұрлығы 51,6%-ке, алаяқтық 5,1%-ке өскен.
Өткен жылы аудан әкімі аппаратымен 74600 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Жыл басынан аудан әкімінің аппаратына 12102 өтініштер мен арыздар түсті. Былтырғы жылмен салыстырғанда өтініштер саны 4,6 есеге артқан. Өтініштерде көбінесе карантин кезінде жұмыссыз отырған тұлғаларға әлеуметтік төлем жүргізу, блок-посттардан өту үшін өтінім беру және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жол жөндеу, жеке тұрғын үй құрылысына жер беру және т.б. мәселелері көтерілді.
Менің жеке қабылдауымда 473 адам болды. Оның ішінде 202 адамға Заңға сәйкес түсініктеме беріліп, 202 – қанағаттандырылды.
Өткен жылғы есептік кездесулерде 20 ұсыныс пен ескертулер (аудан әкімінің есептік кездесуінде-3, округ әкімдерінің есептерінде-17) айтылған, барлығы орындалды.