ЖОБА
Іле ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 шілдегі № 259 «Іле ауданы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысының күшін жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Іле ауданы әкімдігінің «Іле ауданы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» 2019 жылғы 4 шілдегі № 259 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5204 тіркелген, 2019 жылдың 12 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің орынбасары С.Б. Ибраевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |