Іле ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы жоба

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңының 27-бабына сәйкес, Іле ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:  

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Іле ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  2. «Іле ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Іле ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                 Қ. Жақсымбетов

 

 

        

 

Іле ауданы әкімдігінің

2026 жылғы «____» __________

№ ______ қаулысына

1-қосымша

 

 

Іле ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын

кейбір қаулыларының тізбесі

 

  1. Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы «Іле ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» № 3-145 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3118 тіркелген);
  2. Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қазандағы «Іле ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 3-145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 609 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6175-05 тіркелген);
  3. Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 3 ақпандағы «Іле ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 3-145 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 14 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6209-05 тіркелген).

 

 

 

 

Дата публикации
10 июля 2026