с. Өтеген батыр 2026 жылғы 22 маусым
Іле ауданының экономика және қаржы бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) басшысының 2026 жылғы 16 маусымдағы №26 «Іле ауданының экономика және қаржы бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 15 мен 30 маусым аралығында ішкі талдау жүргізілді. Талдау 2026 жылдың алғашқы 6 айлық қызметін қамтыды.
Бөлім өз қызметін Іле ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №538 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады (бұдан әрі – Ереже).
Ережеге сәйкес Бөлімнің миссиясы – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын қалыптастыру мен іске асыруға ықпал ететін мемлекеттік жоспарлау жүйесін жүзеге асыру саласында басшылық ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
- Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы;
- «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДЫҚ – БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
2026 жылғы 1 қаңтардағы штат кестесіне сәйкес Бөлімнің жалпы штат саны 8 адамды құрайды, бос орындар - 1.
Талдау барысында ағымдағы жылдың 6 айында бөлімде ауысымдылық болмағаны анықталды.
Іле ауданының экономика және қаржы бөлімі өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын жүзеге асырады.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы қызмет Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілеріне және өзге де қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Талдау барысында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етуі мүмкін факторлар қарастырылды.
Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезеңіндегі тәуекелдер:
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыру кезінде қажеттілікті негізсіз ұлғайту немесе нақты қажеттілікті толық ескермеу тәуекелі орын алуы мүмкін. Бұл өз кезегінде бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына және пайдаланылуына әкелуі ықтимал.
Сонымен қатар, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін айқындау барысында жеткілікті талдау жүргізілмеген жағдайда артық шығындарға жол берілуі мүмкін.
Техникалық ерекшеліктерді әзірлеу кезіндегі тәуекелдер:
Техникалық ерекшеліктерді дайындау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Осы кезеңде нақты тауар белгісін, өндірушіні немесе жекелеген өнім берушілерге артықшылық беретін сипаттамаларды көрсету арқылы әлеуетті өнім берушілердің бәсекелестік ортасын шектеу тәуекелі туындауы мүмкін.
Мұндай жағдайлар:
Өнім берушілерді таңдау кезеңіндегі тәуекелдер:
Конкурстық немесе өзге де сатып алу рәсімдері барысында әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау кезінде заңнама талаптарын әртүрлі түсіндіру немесе бағалау өлшемшарттарын субъективті қолдану тәуекелі орын алуы мүмкін.
Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысатын лауазымды тұлғалардың жеке мүдделерінің болуы немесе үшінші тұлғалардың ықпал ету әрекеттері шешім қабылдау процесінің объективтілігіне теріс әсер етуі ықтимал.
Шарттарды орындау кезеңіндегі тәуекелдер:
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін өнім берушінің шарттық міндеттемелерді сапасыз орындауы, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтамауы немесе тауарларды шарт талаптарына сәйкес жеткізбеуі тәуекелі сақталады.
Бұл жағдайлар:
Мүдделер қақтығысы тәуекелі:
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге қатысатын қызметкерлердің әлеуетті өнім берушілермен туыстық, іскерлік немесе өзге де байланыстары болған жағдайда мүдделер қақтығысының туындау ықтималдығы бар.
Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысатын лауазымды тұлғалардың әрекеттерінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
Талдау нәтижесі бойынша мемлекеттік сатып алу саласында заңнама талаптарын бұзу, мүдделер қақтығысы, мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне негізсіз араласу немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері анықталған жоқ.
Ұсынылатын шаралар:
- мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде нақты қажеттілікті айқындау бойынша талдау жұмыстарын күшейту;
- техникалық ерекшеліктерді әзірлеу барысында бәсекелестікті шектейтін талаптарды енгізуге жол бермеу;
- мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарының сақталуына тұрақты ішкі бақылау жүргізу;
- мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына жүйелі мониторинг жүргізу;
- мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметкерлер арасында мүдделер қақтығысының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру;
- мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.
Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуді есепке алу журналы бар. Ағымдағы жылдың 6 айында 10 жеке және 4 заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсті.
Талдау көрсеткендей, бөлім қызметкерлері өтініштерді қарау кезінде заңдылық, өтініштерге қойылатын талаптардың бірлігі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау кепілдіктері, өтініштерді қарау кезінде бюрократизм мен бұрмалаушылық көріністеріне жол бермеу, жеке және заңды тұлғалардың теңдігі, субъектілер мен лауазымды тұлғалар қызметінің ашықтығы сияқты қағидаттарды пайдаланады.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілді. Зерттелетін кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
1) бұзушылықтарды жою және оларға жол бермеу жөнінде қажетті бақылау шараларын қабылдауға;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды насихаттау жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізуге;
3) 2026 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізсін;
4) Бағдарламаға қатысушыларға бақылауды күшейту: мерзімінен бұрын жұмыстан босату кезіндегі міндеттемелер мен салдарлар анық жазылған неғұрлым нақты шарттар жасасу;
5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары қатаң сақталсын.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы
|
Ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы |
|
Ж. Исаев |
|
|
|
|
|
Жұмыс тобының мүшелері:
Ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары
Ауданның экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі
Ауданның экономика және қаржы бөлімінің бас маманы
Ауданның экономика және қаржы бөлімінің бас маманы
Ауданның экономика және қаржы бөлімінің бас маманы
Ауданның экономика және қаржы бөлімінің бас маманы |
|
Р. Оразалиева
А. Умирзакова
Л. Сулейменова
А. Нусипова
Д. Алпысбай
Қ. Есмағанбет |