Іле ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 13 сәуірдегі
№87 қаулысымен бекітілген
Іле ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 13 сәуірдегі
№87 қаулысына
№5 қосымша
«Іле ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
құқықтары мен міндеттері
1.1. Аудан аумағында халықтың мәдениетін және тілдерді дамыту, аталмыш саланың біртұтас мемлекеттік саясатын әзірлеп, жүзеге асыру, азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз ету. Аудан тұрғындарына мәдени ошақтар мен кітапханалар көрсететін қызметтерді дамыту.
1.2. Аудан аумағындағы спорт, дене шынықтыру саласының біртұтас мемлекеттік саясатын әзірлеп, жүзеге асыру, тұрғындарға спорт қызметтерін көрсетуді жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спортты дамыту.
2.1. Бөлім қолданыстағы заңдарға сәйкес, өзара қоғамдық-саяси, мәдени және спорт қарым-қатынастарының реттелуін, аудан тұрғындарының аталмыш саладағы тұтынушылық мүдделерінің қамтамасыз етілуін бақылайды және үйлестіруді жүзеге асырады. Сондай-ақ аудан аумағында қазақтың ұлттық мәдениетін, тілін және спорт саласын дамыту жөніндегі ағымдағы және перспективалық бағдарламаларын әзірлеуге байланысты аудандық, кенттік және ауылдық құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді.
2.2. Тілдік ахуал мәселелері, аудан тұрғындарының тілдерді меңгеру деңгейін бағалау бойынша әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу;
2.3. Мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған аудандық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асыру;
2.4. Тексеру жүргізу нәтижесінде тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдау;
2.5. Тілдік белгісі бойынша кемсітуге жол бермеу, тілдік кемсітушіліктің алдын алу және болдырмау бағытында жұмыстар жүргізу;
2.6. Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде жарнама мәтіндерінің Қазақстан Республикасының тіл туралы заңына сәйкестігіне мониторинг жүргізу;
2.7. Маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру.
2.8. Аудандағы мәдениет және тілдерді дамыту жүйесінің қызметін мемлекеттік тұрғыдан қамтамасыз ету.
2.9. Ауданның тарихи және мәдени ескерткіштерін, мұражайлық, соның ішінде жазбаша және мұражайлық экспонаттарды қорғау, оларды қалпына келтіру және бұзылудан сақтау және пайдалану жөніндегі жалпы мемлекеттік саясат бағдарламаларын әзірлеу, оларды жүзеге асыру.
2.10. Мәдениет ошақтары мен кітапханалар қызметін үйлестіру, аудан кітапханалары мен мәдениет үйлерінің ұсынатын ақпараттары мен мәдени құндылықтарына баршаның қол жеткізуіне, шығармашылық кештердің анағұрлым толық ашылуы мен дамуына жағдай жасау, аудан тұрғындарына көрсетілетін қызметтің кепілді көлемін ұсыну.
2.11. Аудандағы мәдениет және тілдерді дамытудағы мекемелер мен кәсіпорындардың, кенттік және ауылдық әкімдіктерінің қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету.
2.12. Ауданның спорт саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асырады, спорт саласын дамытудың стратегиясын әзірлейді.
2.13. Аудан әкімі аппаратында мәселесі қаралатын дене шынықтыру және спорт мекемесінің материалдық-техникалық базасын сақтау, қажеттіліктерге сәйкес спорт жүйесінің жаңа объектілерін салу жөнінде жобалардың ұсынысын әзірлеу.
2.14. Мекемелер мен кәсіпорындарды спорт мәселелері жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз етеді.
2.15. Түрлі ведомстволар ұйымдастыратын спорт бағытындағы біртұтас күнтізбелік жоспарларды бекітеді, ауданда дене шынықтыру-сауықтыру, спорт шараларының өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.
2.16. Мүдделі бөлімдермен, ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен бірігіп, спорт саласындағы жас таланттарды дайындау және дамыту бойынша жұмыс жүргізеді, спорттық мектептердің жүйесін дамытуды, сондай-ақ оларда дайындық жұмыстарын ұйымдастыруды үйлестіреді. Ауданда спорттық командаларды дамытуды жүзеге асырады және олардың облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді.
3.1. Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты, облыстық және аудандық мақсатты бағдарламаларды жүзеге асырады, мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің жобаларын аудан әкімінің қарауына белгіленген тәртіппен ұсынады, аудандық әдістемелік орталықтар базасында мәдениет және тілді дамыту проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер өткізуді ұйымдастырады, олардың нәтижелерін қорытып, іс жүзіне енгізеді.
3.2. Аталмыш сала аясында кенттік және ауылдық әкімдіктердің, мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің бағдарламаларына ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.
3.3. Өнер туындыларын жасауға мемлекеттік-әлеуметтік шығармашылық тапсырыстар қалыптастырады, көркемділігі жоғары драмалық, музыкалық, хореографиялық, бейнелеу, қолданбалы декоративті эстрадалық өнер туындыларын жасалуын қамтамасыз ететін байқаулар ұйымдастырады.
3.4. Тарихи ескерткіштерді есепке алу, материалдық және рухани мәдениетті қорғау, қалпына келтіру, пайдалану және насихаттау істерін жүзеге асырады. Белгіленген тәртіпте тарихи-мәдени мұраларды қорғау және оны пайдалану мәселелері бойынша ережелер, ақпараттар әзірлейді және бекітеді.
3.5. Белгіленген тәртіпте ауданның мәдени қайраткерлеріне, мәдениет және тілді дамытуға үлес қосқан азаматтарға, лауазым иелеріне құрметті атақтар беру, мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар беру жөніндегі ұсыныстар енгізеді.
3.6. Мәдениет жүйесінің жаңа объектілерін салу мен жобалауды ұйымдастыру жөнінде аудан әкіміне ұсыныс енгізеді, мәдени ағарту, кітапхана кадрларын, жаңа мамандар даярлау қажеттілігін болжайды, аудан кадрларының біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіреді. Мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруға бөлінген ақшаны белгіленген тәртіпте жұмсайды.
3.7. Белгіленген тәртіпте ауданның дене шынықтыру және спорт қайраткерлеріне, спортты дамытуға үлес қосқан азаматтарға, лауазым иелеріне құрметті атақтар мен мемлекеттік наградалар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
3.8. Аудандық әдістемелік орталықтар базасында спорт проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер өткізуді ұйымдастырады, олардың нәтижелерін қорытып, іс-жүзіне енгізеді, аталмыш салалардағы мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің бағдарламаларына ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.
3.9. Ауданның спорт мекемелерінің кадрлар мен қамтамасыз етілуін зерделейді, оларға жаңа мамандар даярлау қажеттіліктерін болжайды, аудан кадрларының біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіреді. Спорт саласы кадрларының аттестациясын жүргізу ережелерінің сақталуын бақылайды.
3.10. Ауданның құрама командаларын дайындауды жүзеге асырып, спорттық шараларға қатысуын қамтамасыз етеді, мүдделі ұйымдар мен бірігіп спорттық резервтерді дайындау жұмыстарын жүргізеді, оқу-жаттығу процесінің жұмыстарын қадағалайды.
3.11. Белгіленген тәртіппен спорттық дәрежелер, төрешілік санаттар береді, спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, жастар, спорт ұжымдарын жүлделермен, сыйлықтармен, вымпелдермен, жеңіс ленталарымен, жетондармен, дипломдармен, грамоталармен, ақшалай сыйлықтармен марапаттайды.
4.1. Бөлім өкілеттілігі болған жағдайда ережелер мен бөлімнің қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлейді және бекітеді.
4.2. Бөлім мекемелер мен кәсіпорындардан ақпарат жинауды ұйымдастырады және оларға ақпарат жеткізеді, әртүрлі ведомстволар ұйымдастыратын аудандық қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу жоспарларын үйлестіреді, мәдениет және спорт саласындағы бірыңғай күнтізбелік жоспарларды бекітеді.
4.3. Мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізеді.
4.4. Мүдделі ұйымдармен бірлесіп тілді дамыту аясында кадрлар даярлау бойынша жұмыс жүргізеді.
4.5. Мүдделі бөлімдермен, ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп өнердегі, спорттағы жас таланттарды даярлау және дамыту бойынша жұмыс жүргізеді, бағыныштылығына қарамастан, қолданбалы өнер мектептерінің, жас әншілер, күйшілер, термешілер, ақындар даярлау мектептерінің желісін дамытуды, сондай-ақ оларда дайындық процесін ұйымдастыруды үйлестіреді. Ауданда фольклорлық, эстрадалық-цирк, хореографиялық, театр, хор ұжымдары мен спорт командаларын дайындауды жүзеге асырады және олардың облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға, спорттық жарыстарға, турнирлер мен байқауларға қатысуын қамтамасыз етеді.
4.6. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сала қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.
4.7. Мәдениет және спорт мәселелері бойынша есептерді дайындауды жүзеге асырады.
4.8. Бөлім ауыл әкімдерінің ұсыныстары негізінде аудандық және ауылдық мәдениет үйлерінің, аудандық кітапханалар мен музейлердің директорларын, спорт мекемелерінің директорларын қызметке тағайындайды және осы құрылымдық бөлімшелердің басшыларын қызметтен босатады.
4.9. Мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың құрылымы мен жағдайын, қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын талдайды, шығармашылық ізденістерді, олардың инновацияларын қолдайды, олардың тәжірибесін зерттейді және таратады. Мәдениет пен спортты, жүйенің басқарушы кадрларын дамыту, оларды әдістемелік, құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
4.10. Бөлім мәдениет және спорт сұрақтары бойынша конференциялар, семинарлар өткізеді.
4.11. Бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтардың өтініштерін, шағымдарын қарайды. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүргізеді, олардың заңды талаптары мен негізделген өтініштерінің орындалуын қамтамасыз етеді, ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардың қызметінде анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдайды.
4.12. Бөлім келісім-шарт негізінде мәдениет пен тіл саласын дамытуды ғылыми-ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу және іске асыру үшін мәдениеттің ғылыми-зерттеу ұжымдарын, баспаларды, сценаристерді, қоюшы режиссерлерді, өнертанушы ғалымдарды тартуға құқылы. Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын барлық мәмілелер қазынашылық бөлімшесінде тіркеледі.
4.13. Заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
1) Заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) Бөлім қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіктерді бөлуді жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 729 бабы, 2-1 тармағы).
4) Заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;
5) Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
6) Мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін қорғайды;
7) Бөлімнің қаржылық қаражаттарын, мүлкін басқарады, банк мекемелерінде есеп-шоттарды ашады және жабады, олар бойынша қаржылық операциялар жүргізуді жүзеге асырады, қаржылық құжаттарға қол қояды, қаржылық және есептілік тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;
8) Бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық туралы құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылықта болады;
9) Өз құзыреті шегінде заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
1.Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.