«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекемелерден келіп түскен өтініштердің негізінде, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбилеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығының 2-Параграфының 34-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың орналасқан жерін (ғимаратын/ үй-жайын ауыстыру) өзгерту бойынша конкурс жариялайды.
Конкурстық комиссияның ұсынылған құжаттарды қарауы 28 мамыр 2026 жылы сағат 10.00-де Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі 24 мекен жайы бойынша «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ ғимаратында жүргізіледі.