Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, Іле ауданы нышанын әзірлеу үшін өтініштер 1 ай мерзімде (2026 жылғы 12 мамырдан — 2026 жылғы 12 маусым аралығында) қабылданады.
Аудандық нышан жобасына қойылатын талаптар:
— қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту,
— геральдикалық белгілерді сақтау,
— өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін (Іле ауданы облыстағы экономикалық өндірістік-өнеркәсіптік орталық болып табылады) ескеру қағидаттарына негізделеді.
— жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады;
— жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері бар;
— жобада ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;
— жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді.
Конкурс жеңімпазына 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.Қатысуға өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның сипаттамасын қамтиды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді Іле ауданының ішкі саясат бөліміне (электронды көшірмесі ili_vp_2021@mail.ru поштасына) қағаз және электронды тасымалдағышта 2026 жылғы 12 маусымнан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс! Сұрақтар туындаған жағдайда 87059057581 (Нұрасыл Әлішер Әлімұлы), нөміріне хабарласуға болады.