«Іле ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 474 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабының 2-тармағына сәйкес Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1) «Іле ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы  № 474 қаулысының күші жойылды деп танылсын  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5346 болып тіркелген );

  1. «Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Іле ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

  Аудан әкімі                                             Қ. Жақсымбетов

Дата публикации
12 мая 2026