Хабарландыру

«Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігінің 2017 жылы 27 шілдесіндегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» сәйкес Іле ауданының білім мекемелерінде Қамқоршылық кеңестің 2021 жылға қайта құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 21 желтоқсанынан бастап 25 желтоқсанына дейін «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында жүргізіледі. Мекен жайымыз: Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, №24.

Анықтама бойынша 8 (72752) 29866 телефон нөмірі арқылы хабарласуға  болады.

Хабарландыру
Дата публикации
08 декабря 2020