

Қызметтің негізгі мақсаты – аудандағы ішкі саясат тұрақтылығын қамтамасыз ету және қолдау болып табылады.
Мекеме аудандағы қоғамдық-саяси, саяси партиялар қызметі, ұлттық-мәдени бірлестіктер, құқық қорғаушы, діни, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдарының ахуалына қатысты мәселелермен айналысады. Сондай-ақ бөлімге жергілікті деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру және оны жүргізу арқылы мемлекеттік тапсырысты орындау, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарын үйлестіру қызметі жүктелген.