

Алматы облысы Іле ауданының шекарасы шегінде жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыру.
Жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздерін, шарттары мен шектерін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу.
Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 5-3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығына сәйкес тек дайындалған жер алаңдарында, яғни барлық инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар (электр энергиясы, сумен жабдықтау, кірме жолдар, көшелер және т. б.) жүргізілгеннен кейін береді.
Бөліп берілетін алаңдарды дайындау туралы ақпарат және жер учаскесін алуға кезектілік тізімдері ашық болып табылады және Іле ауданы әкімінің ресми сайтында жарияланады (www.iletany.gov.kz).
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы №1140 қаулысымен бекітілген жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру жер учаскелерінің орналасқан жері мен алаңы айқындалғаннан кейін сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.