

1997 жылғы 26 шiлде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің түлегі. Мамандығы - жерге орналастыру.
Еңбек жолын 2019 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданының "Бостандық-жер" ЖШС-нің директор орынбасары қызметімен бастаған.
2020 – 2022 ж.ж. - Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімінің статисті.
2022 жылдың 05 қыркүйек айынан 27 қазан айына дейін - Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы м.а.
2022 жылдың 28 қазан айынан 2023 жылға дейін - Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
2023 жылдың 17 қазан айынан 2025 жылдың 29 шілде айына дейін - "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2025 жылдың шілде айынан қазан айына дейін - Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы.
2025 жылдың 15 қазан айынан қазіргі уақытқа дейін - «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.