
Басқарма басшысы Айдын Бегімбеков жүргізген кеңесте негізгі мәселе ретінде Қонаев қаласындағы “Халықаралық медициналық университет, көпсалалы клиникалық аурухана, қонақүй, жатақхана және зертхана құрылысы” нысаны бойынша сыртқы желілерге қосылу нүктелерін талқылау қарастырылды.
Кеңес барысында нысанды инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету, қажетті ресурстарға қосылу процесін оңтайландыру және тиісті мекемелермен өзара іс-қимыл жасау мәселелері қаралды. Жиын қорытындысы бойынша жобаны уақытылы жүзеге асыру үшін нақты тапсырмалар берілді.