Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақыру

Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақыру

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) барлық мүдделі тұлғаларды жаңартылатын генерация объектілерін салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады.

Министрлік жаңартылатын энергетика жобаларын іріктеу бойынша аукциондарға қатысуға инвесторлардың жобаларын дайындау және егжей-тегжейлі пысықтау мақсатында 2025 жылға арналған аукциондық                                                   сауда-саттықты өткізу графигін әзірлеп, бекітті.

Мүдделі тараптар Министрліктің, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының» ЖШС (https://rfc.kz/ru/res-sector/auctions/selection-of-res/) және «KOREM» АҚ (https://www.korem.kz/rus/linksts/) ресми сайттарынан түсініктеме сұрата алады.

Аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы
21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген) Аукциондық сауда-саттықты өткізу графигі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланған (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/795552?lang=kk).

2025 жылға арналған аукционға қойылған жалпы белгіленген қуат
1 810 МВт құрайды және мынадай электр станцияларының түрлері бойынша бөлінеді:

- күн электр станциялары (КЭС) – 90 МВт;

- жел электр станциялары (ЖЭС) – 1200 МВт;

- гидроэлектр станциялары (ГЭС) – 500 МВт;

- биогаз электр станциялары (БиоЭС) – 20 МВт.