Хабарландыру

Хабарландыру

Ағымдағы жылдың 20 маусымында Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаев өңірлермен орантылған бейнеконференция арқылы халық алдында есептік кездесуін өткізетіндігін хабарлаймыз. Кездесу барысында Энергетика министрі Министрліктің қызметі, мұнай-газ, мұнай-газ-химия, уран, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғау салаларының даму жоспарлары туралы баяндайды және сұрақтарға жауап береді.
Есептік кездесу ағымдағы жылдың 20 маусымында сағ.15-00-де келесі мекен-жай бойынша өтеді: Нұр-Сұлтан қ., Д. Қонаев даңғылы, 4 «Қазмедиа орталығы» ғимаратындағы Киноконцерт залы.
Бейнеконференция байланысы Алматы облысында келесі мекен-жай бойынша өтеді: Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 38
Сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуды 8(7172) 786958, 786884, 786887, 786886 немесе электрондық мекен-жайға e.ermekuly@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz жолдауыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, проблемалық мәселелерді http://www.energo.gov.kz. Энергетика министрлігінің сайтында қызмет ететін «Энергетика министрінің халық алдында есептік кездесуі форумында» талқылауға болатындығын хабарлаймыз.