Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қопа станциясының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру, салу және пайдалану

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қопа станциясының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру, салу және пайдалану

«Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ,«Алматы облысы Жамбыл ауданы Қопа ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау, салу және пайдалану» жобасын іске асыру бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде жеке әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізілетіндігін хабарлайды және әлеуетті жеке серіктестерді конкурсқа қатысуға шақырады.

Жобаның мақсаты: Жамбыл ауданы Қопа ауылының тұрғындарын (таза ауыз сумен қамтамасыз ету.

Қызмет саласы: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы (МЖӘ) жобасының негізгі параметрлері мен талаптары:

1) жобалау-сметалық құжаттамада көзделген құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу;

2) объектіні пайдалану;

3)"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Заңының 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы;»;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 88-89-96- 99-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес конкурстық құжаттамаларын ұсыну.

Шығындарды өтеуді және кірістер алудың болжамды көздері: инвестициялық шығындарды өтеу, қызмет көрсету бойынша табыс.

Конкурсқа "Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы" ҚР Заңының 32-бабында және конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қабылданады жұмыс күні сағат 9-00-ден бастап «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, №26, байланыс телефоны 8 (7282) 32-96-71, 32-97-39 немесе электрондық мекен-жайы voda.gaz.tk@mail.ru, alm.obl.eng@mail.ru.

Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді, сондай-ақ конвертке желімделген біліктілігі бойынша іріктеуге арналған құжаттарды әлеуетті қатысушылар көрсетілген мекен-жайы бойынша қолма-қол ұсынады.

Басқармадан толық ақпарат алуға болады, жауапты тұлға: Бейсбаев Азамат Қанайбекұлы байланыс телефоны 8-775-315-15-86

Әлеуетті жекеше әріптестер біліктілік іріктеу жүргізетін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі – 2019 ж 20 ақпан 18:00 ге дейін тапсырылады.

Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді ұсыну түпкілікті мерзімі – 2019 ж. 11 наурыз 09:30-дан кешіктірмей.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу конкурсты ұйымдастырушы - "Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ-мен, 2019 ж. 11 наурыз сағат 10:00 де Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 26, 5 қабат, № 508 кабинетінде өткізіледі.