

2019 жылы 14 қарашада Талдықорған қаласында мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қалдықтарды бөлек жинауды енгізу бағдарламасы іске қосылды.
Тестілік іске қосу 4 ғимаратта орналасқан 25 басқарма мен бөлімдерді қамтыды, оның ішінде Алматы облысының әкімдігі, Талдықорған қаласының әкімдігі, облыстық энергетика және ТКШ басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармасы және т.б., сонымен қатар 5 мектеп (НЗМ, БИЛ, №15, 20, 24).
Барлық басқармалар үшін ECO Network компаниясының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов жалпы презентация өткізіп, елдегі жалпы экологиялық жағдай және қалдықтарды бөлек жинау маңыздылығымен бөлісті.
Жалпы презентацияны өткізгеннен кейін екі күн ішінде ECO Network мамандары мен эко-тренерлері мемлекеттік мекемелер және мектептерде Жасыл кеңсе жобасын енгізу бойынша жұмыстар жүргізді. Аталған жобаға қосылу туралы жеке компаниялардан сұраныстар келіп түсті.
Ұйымдар қызметкерлерімен қалдықтарды сұрыптаудың жоғары сапасы атап өтілді. Біз бұл халықтың жалпы түсінігін, мәдениеті мен дұрыс құндылықтарын, ересек халықтың және өсіп келе жатқан ұрпақтың арасында қалыптасуының үлкен жолының басы екеніне сенімдіміз.