
Көп қабатты тұрғын үйлерді жаңғырту (Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы)
Алматы облысында 3220 көп пәтерлі тұрғын үй бар, оның ішінде 1855 (57,6%) тұрғын үй жөндеуді қажет етеді.
2015 жылға 7 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 170,4 млн.теңге бөлінді (Қаратал және Көксу аудандарында 1 үйден, Қапшағай қаласында 2 үй, Талдықорған қаласында 3 үй).
Аталған аудандар мен қалалардағы көп пәтерлі тұрғын үйлерде жоспарланған барлық жөндеу жұмыстары аяқталған.
Жөндеуден өткен тұрғын үй иелерінен қаражатты қайтару жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде, 2011-2015 жылдар аралығында 324,4 млн. теңге қайтарылған (оның ішінде: Талдықорған қ. бойынша - 193,3 млн. теңге, Қапшағай қ. - 60,5 млн. теңге, Текелі қ. - 31,1 млн. теңге, Балқаш ауданы - 1,1 млн. теңге, Көксу ауданы - 2,3 млн. теңге, «Жетісу» ӘКК ҰК» АҚ-на 36,1 млн. теңге қайтарылған).
2015 жылы қайтарылған қаражат есебінен жалпы сомасы 70,9 млн. теңгеге 6 үй жөнделді (Талдықорған қ. - 4 үй және Қапшағай қ. - 2 үй).
Бағдарламаны жүзеге асыру барысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, тікелей эфирлер мен видеосюжеттер көрсетіледі, кітапшалар мен жарнамалық материалдар таратылады.
Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясындағы моноқалаларды ағымдағы жайластыру (2015 жылдан бастап Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының 3-деңгейі арқылы - «үшінші деңгейдегі» қалаларды дамыту)
2015 жылы Текелі моноқаласын ағымдағы жайластыруға республикалық бюджеттен 74,7 млн. теңге бөлінді. Аталған қаражатқа 2 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде: «Алматы облысының Текелі қаласындағы жаяу жолдарды ағымдағы жөндеу» (67,4млн.тг) және «Алматы облысының Текелі қаласындағы көше жарықтандырғыштарды құру. 2-ші кезек» (7,3 млн.тг).
2015 жылға жоспарланған жұмыстар толығымен аяқталды.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру
2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты аясында облыстың елді мекендерінде жалпы сомасы 1 145,5 млрд. теңгеге (РБ – 1032,5 млн.тг. және ЖБ 113,0 млн.тг.) ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерін және электр желілерін күрделі, ағымдағы жөндеу, абаттандыру және жарықтандыру бойынша 30 жоба жүзеге асырылды (Ақсу ауданы - 1, Балқаш - 1, Еңбекшіқазақ - 4, Ескелді - 1, Жамбыл - 6, Іле - 6, Қарасай - 1, Қаратал - 1, Кербұлақ - 1, Көксу - 1, Райымбек - 3, Ұйғыр - 1, Талдықорған қ. - 2, Текелі қ. - 1).
Аталған жобаларды жүзеге асыру барысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының нысаналы индекаторларына қол жеткізілді. Жоспарланған 420 адамның орнына 437 адам жұмыспен камтылды (жоспардан 104%), оның ішінде 234 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы қабылданды.