
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Алматы облысы әкімдігінің (бұдан әрі – ЖАО) 2015 жылғы 26 маусымдағы №02-26/6257/5117 хатына, сондай-ақ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысына сәйкес ЖАО Тұрғын үй комиссиясының 2015 жылғы 16 маусымдағы №1, №2 шешімдерімен бекітілген Алматы облысы әкімдігінде кезекте тұрғандардан құжаттар қабылдайтынын жариялайды.
Сату арқылы өткізілетін пәтерлер тізімі:
|
№ р.с.
|
Пәтерлер түрі
|
Пәтерлер саны
|
Құжаттарды қабылдау аяқталатын күн
|
Құжаттар қабылданатын жер
|
|
1
|
Тип №1
|
68
|
до 19:00
27.07.2015 года
|
г. Алматы, ул. Шагабудинова 125А, уг. ул. Жамбыла, офис 42
|
|
2
|
Тип №2
|
27
|
||
|
3
|
Тип №3
|
5
|
Сатып алу құқығымен жалдау арқылы өткізілетін пәтерлер тізімі:
|
№ р.с.
|
Пәтерлер түрі
|
Пәтерлер саны
|
Құжаттарды қабылдау аяқталатын күн
|
Құжаттар қабылданатын жер
|
|
1
|
Тип №1
|
51
|
до 19:00
27.07.2015 года
|
г. Алматы, ул. Шагабудинова 125А, уг. ул. Жамбыла, офис 42
|
|
2
|
Тип №2
|
58
|
||
|
3
|
Тип №3
|
20
|
||
|
4
|
Тип №4
|
10
|
||
|
5
|
Тип №5
|
14
|
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 9 сағат 00 минуттан бастап 19 сағат 00 минутқа дейін.
Үзіліс: 13 сағат 00 минуттан бастап 15 сағат 00 минутқа дейін.
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
«ЖМҚ Менеджмент» ЖШС-ға тапсыру қажет құжаттардың тізбесі:
Өтінушінің, Қоса Өтінушінің (Өтінушілердің) және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері;
Жылжымайтын мүлкі бар-жоғы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
Неке қию, некені бұзу туралы куәліктердің, жұбайының (жұбайы болған жағдайда) қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқалары мен көшірмелері;
Балалардың (балалары болған жағдайда) туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері;
Тұрғынжай сатып алу құқығымен жалдау арқылы бөлінген жағдайда, Өтінушінің КЖТС көрсеткіші көрсетілген Банктің ресми бланкісінің түпнұсқасы;
Өтінушінің, Қоса Өтінушінің (Өтінушілердің) некеде тұрмайтыны туралы нотариалдық расталған өтініш (егер Өтінуші тұрғынжайларды бөлуге өтінім-сауалнама беру сәтінде некеде болмаса);
Туыстық дәрежесін анықтау үшін Өтінуші отбасының кәмелетке толған мүшелерінің туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері;
Бастапқы жарна сомасын енгізу ниетін растау үшін Өтінушінің және оның отбасы мүшелерінің қаражаты бар екені туралы ЕДБ анықтамасының түпнұсқасы (бастапқы жарна енгізілетін болса).
Өтінушінің құжаттарды тапсыруға берген сенімхатының түпнұсқасы.
Ескерту:
Осы Қосымшаның 1, 3, 4, 7-тармақтарында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары олар құжаттың көшірмесімен салыстырылғаннан кейін Өтінушіге қайтарылады.
Осы Қосымшаның 9-тармағында көрсетілген сенімхат Өтінуші атынан үшінші тұлға әрекет еткен жағдайда ұсынылады.
Қажеттілік туындаған жағдайда, Басқарушы компания қосымша құжаттарды талап ету құқығын өзіне қалдырады.
Негізгі талаптар: «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мынадай жағдайларда ЖАО пулынан жеке тұлғаға пәтер бөлуден бас тартуға құқылы:
Ай сайынғы жалдау төлемдерін төлеу үшін төлемге қабілеттілігі жеткіліксіз болса;
Сатып алу құқығымен жалдау шартын жасасу кезіндегі кепілдік төлемінің қажетті сомасын немесе сату-сатып алу шартын жасасу үшін қажет қаражат сомасын төлемесе;
ЖАО кезекте тұрғандардың тізімі бекітілген күннен бастап 40 (қырық) күнтізбелік күн ішінде қажетті құжаттарды тапсырмаса.