
Алматы облысының аудан және қала әкімдіктерімен «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың есебінде тұрған тұлғалардан өтініштерді қабылдау жүргізілуде.
Алматы қаласының маңындағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде 55 пәтерді сатып алу құқығымен жалға беру келесі санатта кезекте тұрғандарға ұсынылады:
- кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы;
- жоғарыда аталған топқа кірмейтін, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар және мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi санаттағы жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар.
Толық ақпаратты қалалық және аудандық тұрғын үй-коммналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінен, сонымен қатар «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының сайтынан алуға болады.