Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту» (30.04.2011ж. №473), 2011-2020 жылға «Ақ-бұлақ» (24.05.2011ж. №570) және «Бизнестің жол картасы-2020» (13.04.2011ж. №301) бағдарламалары бекітілді.
Жалпы Алматы облысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарына 125,6 млрд. теңге, оның ішінде коммуналдық шаруашылыққа 105,9 млрд. теңге, тұрғын үй секторына 19,7 млрд. теңге қажет.
1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту» бағдарламасы
1.1 Жылуменжабдықтау
Орталықтандырылған жылу жүйесімен Талдықорған, Қапшағай, Текелі, Үштөбе қалалары, Балпық би, Өтеген батыр, Боралдай, Мерей ауылдары және ішінара Қаскелен қаласы қамтылған.
Облыс бойынша қала және елді мекендердің орталықтандырылған жылумен қамтылған деңгейі 60 %. Негізгі тұтынушылар тобы: елді мекен-70%, бюджеттік және т.б.-30%.
Орталық жылумен жалпы қуаты 552,8 Гкал болатын 15 жылу қазандықтары қамтамасыз етеді. Жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы 312,5 км, жүйелердің тозуы 45-65%.
Облыс бойынша жылу энергиясем қамтамасыз ету 17% құрайды.
2013 жылы 10 жобаны іске асыруға (Талдықорған – 5, Сарқан – 1, Алакөл – 1, Қапшағай -1, Көксу – 1, Қаратал-1) 2,735 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда барлық жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары өткізіліп, құрылыс жұмыстары басталуда.
.
Елбасының тапсырмасы бойынша Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғындарын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету мақсатында жалпы сомасы 123 млн. теңге болатын орталық қазандығын салу жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Облыстың аудан орталықтарын орталықтандырылған жылумен қамтамсыз ету жұмыстары жүргізілуде. 2012 жылдан бастап Алакөл ауданы Үшарал қаласында орталықтандырылған қазандық пен жылу жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 1 870,3 млн. теңге, 2012 жылы республикалық және облыстық бюджеттен 602,7 млн. теңге бөлініп, 2013 жылы жобаның аяқталуына 1,08 млрд. теңге бөлінді.
Жаркент, Есік, Талғар, Қаскелең, Шелек, Шонжы және Ұзынағаш қалаларында орталықтандырылған дылу жүйелерін дамыту бойынша ТЭН әзірленуде.
2013 жылы Сарқан ауданы Сарқан қаласында орталық қазандығын салу жұмыстары басталды.
Талдықорған қаласында «Жетісу» шағын ауданындағы №1 және «Шығыс» шағынауданындағы №18 қазандықтарды қайта жаңғырту жұмыстары басталды.
«Көксужылу» МКК-ң қазандығын қосымша қуаты 10 Гкал/сағ арқылы ұлғайтуға жұмыстары басталды.
Қапшағай қаласы Заречный кентіндегі орталық қазандығын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
1.2. Электрменжабдықтау.
Облыстың энергия жүйесі 2 аймаққа бөлінеді: Талдықорған және Алматы. Талдықорған аймағында энергия таратушы кәсіпорын ТАТЭК АҚ-мы, Алматы аймағында «АЖК» АҚ-мы.
Орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз ету деңгейі 99,9 % құрайды.
Үлестіру жүйелерінің ұзындығы 36,3 мың км, подстанциялар саны 8,6 мың дана (жүйелердің тозуы 60% құрайды, энергия жоғалту 14,7%).
Іле ауданы елді мекендерін электр қуатымен қамтамасыз етуге 28 жоба және Қарасай ауданында 10 жоба, Талғар ауданында 10 жоба, Талдықорған қаласында 3 жобаның жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Облыстың Қарасай, Жамбыл және Іле аудандарында электр энергиясының тұтыну мөлшерінің өсуіне байланысты электр жүйелік шарушылықты дамыту қажеттілігі туындауына байланысты.
Қосымша қуатты қосу және аталған аудандардың сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында «КазСельЭнергоПроект» институты әзірлеген жалпы құны 4,8 млрд. теңгені құрайтын «Қарасай ауданы Қаскелен қаласында «220 кВ ЭБЖ бар 220/110/10 кВ «Қаскелен» ҚС-н салу» жұмыс жобасын әзірледі.
2012 жылдың 13 ақпандағы № 01-057/12 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. 2012 жылы республикалық бюджеттен құрылыс жұмыстарына 1,0 млрд. теңге, 2013 жылы 2,6 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
2013 жылы электрмен жабдықтау саласына 2,9 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде Талғар ауданы Нұра ауылы, Талдықорған қаласы қаламаңы электрберу жүйелері мен «Қаскелең» қосалқы станциясының құрылысын жалғастыруға.
1.3 Газбен қамтамасыз ету
Облыс бойынша табиғи газға 75 елді мекен қосылған, газдандыру деңгейі 10%. Газ жүйелерінің жалпы ұзындығы 1,6 мың км.
Іле ауданының елді мекендерін газбен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылдан «Іле ауданының 7 елді мекенін газдандыру» жобасы жүзеге асырылуда (Қоян-құс, Ынтымақ, Жаңа-Дәуір, Жаңа-Талап, Покровка, Өтеген батыр, Байсерке). Жоба бойынша елді мекендерге газ жеткізуші (тасымалдаушы) газ құбыры құрылысының құны 1143,2 млн. теңгені құрайды, құрылыс жұмыстарына 2010 жылы 611 млн. теңге, 2011 жылы 472,2 млн. теңге және құрылыс жұмыстарын аяқтауға 2012 жылы 22,5 млн.теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда нысан бойынша жұмыстық және мемлекеттік комиссиялармен қабылданды. Ағымдағы жылы, бағдарлама аясында мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік серіктестік арқасында ауыл іші газ жүйелерін жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, 2010 жылдан бастап «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбырының құрылысы жүргізілуде. 2011 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен сәйкесінше 500,0 және 50,0 млн. теңге бөлінді, 2012 жылы 1, 5 млрд. теңге (РБ) және 150,0 млн. теңге (ЖБ) бөлінді. Және құрылыс жұмытарының аяқталуына 2013 жылы (РБ) 1,377 млрд. теңге және (ЖБ) 138,0 млн. теңге қарастырылған.
«Алматы-Байсерке-Талғар» МГ-ы жобасы және бұрмасы арқылы «Байсерке-Капшағай» газ құбыры құрылысының іске асырылуы, «ИТП-Алатау» ДЭА-н, және жалпы саны 300 мың адам болатын 7 қала және 76 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік етеді.
Қазіргі таңда Талдықорған аумағындағы 300 мың тұрғыны бар 104 елді мекен газбен қамтамасыз ету мақсатында «Алматы-Талдықорған» магистралды газ құбырын салу» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған жобаға республикалық және жергілікті бюджеттен 201і жылы 2,ғ млрд. теңге бөлінген. Жобаның жалпы құны 19,9 млрд. теңге. Жобаның аяқталуы 2015 жылға жоспарлануда.
Облыстың табиғи газда тұтыну көлемі 401,8 млн. м3, сұйытылған газға жылына 506,4 мың тонна.
2013 жылы газдандыру бойынша 3 жобаны іске асыруға 4 245,0 млн. теңге бөлінді.
1.4 Тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту
Алматы облысында 3 125 көп пәтерлі тұрғын үй бар, оның 2 175 (70%) тұрғын үйі жөндеуді қажет етеді.
2011 жылы 3 қала бойынша жалпы соммасы 323 млн.теңге бөлініп, 27 көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілді (Талдықорған қ. – 19 үй, Қапшағай қ. – 6 үй, Текелі қ. – 2 үй).
2012 жылға 76 көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеуге Республикалық бюджеттен 812,5 млн.теңге бөлінді.
Бірінші тетік бойынша «Жетісу» ӘКК АҚ арқылы 12 ауданда (Ақсу – 1, Алакөл – 3, Балқаш – 3, Еңбекшіқазақ – 5, Ескелді – 2, Жамбыл – 2, Іле – 3, Қарасай – 4, Қаратал – 2, Көксу – 1, Панфилов – 2 және Сарқан – 1) 29 үйге жалпы соммасы – 312,5 млн.теңге құрайтын жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 10 сәуіріне 289,5 млн. теңге немесе 92,6% игерілді.
Екінші тетік бойынша үш арнайландырылған уәкілетті ұйымдармен үш қалада жалпы соммасы – 500 млн.теңгеге (Талдықорған, Қапшағай, Текелі) 47 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Несие қаражаттары арнайландырылған уәкілетті ұйымдарға аударылды («Талдықорған қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС – 302,8 млн. теңге, «Қапшағай тұрғын үй» ЖШС - 142,2 млн. теңге және «Текелі қаласының тұрғын үй – эксплуатациялық кешені» ЖШС - 55,0 млн. теңге).
Ағымдағы жылдың 10 сәуіріне 500,0 млн. теңге немесе 100% игерілді.
2013 жылға жалпы сомасы 1,625 млрд. теңге болатын 140 тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, оның ішінде: үш қала бойынша – 71 үй (Талдықорған - 38, Қапшағай - 21, Текелі - 12) және 16 аудан бойынша - 69 үй. Алайда, ағымдығы жылдың 8 мамырында өткен №8 Республикалық бюджеттік комиссия шешіміне сәйкес 2013 жылы жөндеу жұмыстарына қаражат бөлу қарастырылмаған.
Облыстың аудан және қалаларында тұрғындармен 560 жиналыс өткізіліп, 140 үй бойынша жөндеу жұмыстарына келісім хаттамасы алынды, 59 кондоминиум нысанына екінші деңгейдегі банктерде жинақтаушы шоттар ашылды және тұрғын үй көмегін алатын 281 отбасы анықталды. 30 кондоминиум нысандарының жобалау-сметалық құжаттамаларына мемлекеттік сараптама қортындысы алынған.
2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын іске асыру мақсатында үгіт-насихат материалдары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, тікелей эфирлер және видиосюжеттер жүргізіледі, кітапшалар және жарнамалық материалдар таратылады.
2. 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен (2011 жылдың 24 мамыры №570) 2011-2020 жылдарға арналған екі кезеңнен тұратын «Ақ бұлақ» бағдарламасы бекітілді.
Негізгі мақсаты – тұрғындарды жеткілікті мөлшерде және сапасына кепілдеме берілген ауыз сумен жабдықтау, сонымен қоса су ресурстар тапшылығын қысқарту бойынша шараларды қарастыру.
Алматы облысында бағдарламаның 2011-2015 жылдардағы бірінші кезеңін іске асыру барысында 350 нысанда жұмыс жасау көзделген, бұған 55,5 млрд. теңге қажет. Нәтижесінде 275 (оның ішінде ауыз сумен қамтылатын 50) елді мекенде ауыз су сапасы жақсарып, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету 73,5% құрайды.
Жалпы алғанда облыс бойынша 770 елді мекеннің 527 елді мекені (68,4%) орталықтандырылған, 234 (30,4%) орталықтандырылмаған және 9 (1,2%) елді мекен тасмалданатын сумен қамтамасызданған.
2011 жылы 6866 млн. тенге немесе жоспардың 99,9% игерілді (соның ішінде республикалық бюджеттен құрылыс-монтаждау жұмыстарына-2989 млн. теңге, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге-45 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен құрылыс-монтаждау жұмыстарына-3229 млн. теңге, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге-443 млн. теңге, аудан бюджетіне- 160 млн. теңге).
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде орталықтандырылған ауыз суға 16 елді мекен қосылды (Ақсу ауданындағы Арасан, Алакөл ауданындағы Көктұма, Балқаш ауданындағы Ақжар, Көкжиде, Ескелді ауданындағы – Ешкіөлмес, Жамбыл ауданындағы Қарасай, Қаратал ауданындағы Қызылжар, Ескелді, Кербұлақ ауданындағы Аралтөбе, Жайнақ батыр, Кызылжар, Райымбек ауданындағы Саты және Қарақара, Талдықорған қаласындағы Еркін, Мойнақ ауылдары).
2010 жылдың 01 сәуірінде іске енгізіліп және қабылданған «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар және ғимараттар» ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 енгізілген өзгерістеріне сәйкес ілгеріде жасалған, сонымен қоса жаңа жобалық смета құжаттарына түзетіулер жүргізілуде.
Облыстың елді мекендерін сумен жабдықтау үшін жалпы соммасы 188,2 млн. тенге құрайтын 643 гидрогеологиялық ұңғымалар тексерілді.
2012 жылы 9 759,3 млн. теңге (соның республикакалық бюджеттен ішінде жалпы соммасы 5742 млн.теңге болатын 32 нысан және 44 нысанға жергілікті бюджеттен 3711,0 млн. теңге және жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 285,6 млн. теңге) 78 нысанның іске асыруына бөлінді.
2012 жылдың қорытындысы бойынша 9634,3 млн. теңге немесе 98,7 % қаражат игерілді. (РБ-5637,7 млн.теңге, ЖБ-3711,0 млн.теңге, ЖСҚ – 285,6 млн.)
Нәтижесінде 770 елді мекеннің 527 елді мекені (68,4%) орталықтандырылған, 234 (30,4%) орталықтандырылмаған және 9 (1,2%) елді мекен тасмалданатын сумен қамтамасызданған.
Бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастыруда, 2013 жылы 9377,5 млн.тенге - 59 нысанда (РБ – 5593,3 млн. - 29 нысан; ЖБ – 3185,3 млн. - 30 нысан, ЖСҚ даярлауға – 598,9 млн.теңге) жүргізілуде.
2013 жылдың 01 шілдедегі жағдайы бойынша 4090,1 млн. (РБ -2303,2 млн., ЖБ - 1428,0 млн., ЖСҚ - 359,0 млн.) теңге қаражат игерілді.
2013 жылы орталықтандырылған ауыз сумен қосымша 6 елді мекен қамтамасыз етіледі.
3.«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының «Бизнестің жол картасы-2020» (13.04.2011ж. №301) бағдарламалары бекітілді. Аталған бағдарлама аясында Алматы облысында өңірдің индустриалды инновациялық даму бойынша бірқатар жобалар іске асырылуда.
2012 жылы бағдарлама бойынша құрылыс жұмыстары аяқталған нысандар:
- Алматы облысының «Байсерке-Агро» ЖШС-не кіреберісі «Алматы-Қорғас» автокөлік жолының 287-ші шақырымындағы қабысудың құрылысы,
2012 жылдан бастап Келесі жобалардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде:
- Алматы облысының Талдықорған қаласындағы Набережная және Қаратал көшелеріндегі 225-ші ТП-дан 143-ші ТП-ға және 101-ші подстанцияларындағы кернеуі 10 кВ-ты кабель жүйесінің құрылысы – 12 208 млн. теңге;
- Тауарлы жұмыртқа өндіру бойынша құс фабрикасы. Инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысы – 69 521 млн. теңге;
- Алматы облысы Талғар ауданындағы инвестициялық бағдарлама аясында «Байсерке Агро» ЖШС-не кірме газ құбырының құрылысы – 227 418 млн. теңге;
- Алматы облысы Іле ауданыны Боралдай ауылдық округіндегі құрылысы басталған «ПФК «Элиас» ЖШС, «Кормавик» ЖШС, «Мир жилья» ЖШС-не телефон құрылысы – 24 250 млн. теңге;
- Алматы облысы Көксу ауданының Теректі ауылындағы ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін заводтың электрменжабдықтау құрылысы – 18 842 млн. теңге;
- Алматы облысы Ескелді ауданының Жетісу ауылындағы «Роза» ауылдық тұтынушы кооперативін электрменжабдықтау құрылысы – 2 502 млн. теңге;
- Алматы облысы Іле ауданы Первомайск кенті округінің Қоян Құс ауылындағы Момышұлы көшесі мекен жайда орналасқан өндірістік базаны электрменжабдықтау – 38 293 млн. теңге;
- Талдықорған қаласында оңтүстік өндіріс аймағында темір жолдарының құрылысы – 774 270 млн. теңге;
- Алматы облысы Жамбыл ауданының Қазыбек бек станциясындағы кірме темір жолдың құрылысы – 47 855 млн. теңге;
- Алматы облысы Қарасай ауданы Теректі ауылының шығыс жағындағы фармацевтикалық логистикалық кешенінің (Іргелі а/о) сыртқы электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы – 32 574 млн. теңге.
Келесі жобалардың мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде:
- "HYNDAI AUTO TRANS" ЖШС-нің қазандығын газдандыру;
- Талғар ауданы Белбулақ ауылы «ЭтолонГидроКорм» ЖШС газдандыру.
2012 жылы бағдарлама бойынша 25 жобаның құрылысы басталды, оның ішінде 15 аяқталып, 10 жоба 2013 жылға өтті.
4.Балқаш жылу электр станциясы
«Балхаш ЖЭС» АҚ-ның акционерлері:
«Самрұқ Энерго» АҚ-мы (25%+1 акция)
Samsung S&T Corp. (75%+1 акция)
Жобаның іске асу мерзімі: 2010-2017 жж.
Жобаның мақсаты: Қазақстанның электр энергиясымен электр қуатының тапшылығын жою.
Орнатылған қуаты 1320 Мвт.
Эффект: жылына 9,209 млрд. Квт сағатына электр энергиясын өндіру.
Жұмыс орындары:
Құрылыс кезінде 3550-7000 адам,
Эксплуатация кезінде 969 адам
Ағымдағы жағдай:
Дайындалу кезеңіндегі нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде:
«Қайраткөл бекетіндегі темір жолды кеңейту» (1,001 млрд. Теңге) 25.12.2009 жылы, аяқталу мерзімі 2012 жылдың желтоқсан айы, игерілуі 346,972 млн. теңге (35%).
«Қайраткөл – Балхаская» бекеттерінен дейінгі темір жолдарды қайта жаңғырту» (196,36 млн. теңге) басталуы 25.12.2009 жылы, аяқталу мерзімі 2012 жылдың тамыз айы, игерілуі 124,672 млн. теңге (63%).
«Балхаш көлінің тоғанының су құбырын салу» (1 127,0 млн. теңге) басталуы 25.12.2009 жылы, аяқталу мерзімі 2012 жылдың маусым айы, игерілуі 1 077,0 млн. теңге (96%).
2012 жылдың ақпан айында «БТЭС» АҚ-ның келісім-шарттары: «Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Балхаш көлінің тоғанының су құбырын салу» (264,0 млн. теңге)
«Ауыз сумен қамтамасыз ету қондырғысын қайта жаңғырту» (2 014,0 млн. теңге)
«Үлкен ауылының шаруашылық тұрмыстық қалдықтарын тазалау қондырғылары бар шаруашылық тұрмыстық кәрізінің құрылысы (1 625,0 млн. теңге)
2011 жылдың 25 тамызында Қазақстан Республикасының Үкімет арасында Балхаш ЖЭС-н дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, эксплуатациялау және техникалық қызмет көрсету саласында келісімге қол қойылды.
2012 жылдың 25 маусымында «БТЭС» АҚ-ы мен Самсунг Инжиниринг Компани Лимитед компаниясы арасында келісім-шартқа қол қойылды.
Қаржыландыру кестесі :
Акционерлердің төлемі (32%) – 201 750 млрд. Теңге, (1 345 млн. доллар).
Қарыз қаражат (68%) – 423 150 млрд. Теңге (2 821 млн. доллар)
Самрұқ Энерго АҚ-ң «БТЭС» АҚ-на жарғылық капиталын қалыптастырылуындағы үлесі (Қазақстан Республикасы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат):
Самрұқ Энерго АҚ-ң үлесі (25%+1 акция) – 45 335 млн. теңге, 302
млн доллар
Қазіргі таңда республикалық бюджеттен 16 092,0 млн теңге бөлінді.
2012-2014 жылдар аралығында республикалық бюджет комиссиясымен 11,4 млрд. Теңге бөлуге келісілді.
2014-2016 жылдар аралығына республикалық бюджеттен қосымша 17,8 млрд. Теңге бөлу қажет.
«КазНИПИЭнергопром» ТЭН бойынша 1 модулдің құрылысың құны:
Теңгедегі құны (ККС) қоса – 290,305 млрд. Теңге, 1,966 млн. доллар.
Балама құны – 1,823 доллар.
2012 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасының елбасыларының қатысуымен Балхаш ЖЭС-нің құрылысының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.
5. Энергияүнемдеу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы «Энергия үнемдеудің 2009-2010 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» №221 қаулысына сәйкес «Алматы облысында энергия үнемдеудің 2009-2014 жылдарға бағдарламасы» әзірленіп бекітілді.
Электр энергиясын тұтыну көлемі 2012 жылы 2,5 млрд. кВт/сағ құрады.
Қаратал ГЭС-2,3,4,5 каскадын, Есік және Мойнақ ГЭС іске қосуға байланысты электр энергиясын жалпы өндіруде ЖҚК (жаңартылатын қуат көздері) жыл сайынғы үлесінің өскені байқалады. 2011 жылы өсу 29,7 % немесе 680,2 млн. кВт/сағ құраса, 2012 жылы 35,6% немесе 887 млн. кВт/сағ құрады, 2013 жылы 40,5% немесе 1,1 млрд. кВт/сағ дейін өсуі күтілуде.
2017 жылға дейін жиынтық қуаты 270 МВт шағын ГЭС құрылысының 23 жобасын, жалпы қуаты 497 МВт жел электр станцияларының 6 жобасын іске асыру жоспарлануда. Қапшағай қаласында қуатын 100 МВт дейін ұлғайтуға мүмкіндігі бар қуаты 2 МВт күн электр станциясы жобасын іске асыру басталды. «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ және египеттік компаниямен қуаты 50 МВт СЭС құрылысы бойынша бірлесе жұмыс атқару жөнінде меморандумға қол қойылды.
Қорыта айтқанда, 2017 жылға дейін облыста жалпы қуаты 919 МВт су, жел, күн станцияларының жобаларын жүзеге асыруға алғышарттар жасалды.
Кербұлақ ауданының Сарыбұлақ ауданында «Жасыл ауыл» бағдарламасы бойынша қуаты 52 кВт күн панельдері орнатылды. Күннің қуаты есебінен 70 адамнан астам тұрғыны бар ауылды электрмен және сумен жабдықтау мәселесі шешілді.
Заманауи жарық диодты шырағдандардың қызу шамдарын ауыстыру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Тек, Талдықорған қаласында соңғы 2 жылда 136,1 млн. теңгеге 961 шырағдан орнатылды. Нәтижесінде көшені жарықтандыру бойынша 374 мың кВт/сағ немесе 5,7 млн. теңге үнемделді.
Қазіргі уақытта облыста 39,5 мың жарық нүктелері орнатылған, көше жарықтарын жылдық тұтыну 28,8 млн. кВт/сағ. құрайды. Мамандардың есептеуінше жарық диодты шырағдандарға ауыстыру кезінде электр энергиясын пайдалану 12,1 млн. кВт/сағ немесе 187,1 млн. теңгені құрайды, яғни энергия 2 есеге үнемделеді. 2013 жылға қолданыстағы тарифті ескерсек, өзін ақтау мерзімі 7 жылдан аспайды.
Облыстағы бюджеттік сала объектілерінің электр энергиясын пайдалануына жылдық қаржы шығыны 3 млрд. теңгені құрайды (2011 жылы бюджеттік сала объектілері 2,7 млрд. теңге сомаға 215 млн. кВт/сағ пайдаланған) (910 білім беру, 839 денсаулық сақтау объектілері, 292 әкімдіктер және т.б.).
Бір үлгілік мектепті жарықтандыруға айына 195,0 мың теңге жұмсалады. Ал, жарық диодтарына ауыстырғанда энергияны 30 есеге дейін үнемдеу мүмкін болады.
Осылайша, көше жарықтары шырағдандарын, бюджеттік сала объектілері шамдарын жарық диодты шырағдандарға бір уақытта ауыстыру арқылы электр энергиясын тұтынуды жыл сайын 10% үнемдеп, Елбасының тапсырмасын сапалы орындауға мүмкіндік туады.
Алматы облысының 2012-2015 жылдарға энергияүнемдеудің кешенді жоспары әзірленді.
Энергияүнемдеуді насихаттау.
Энергияүнемдеу саясатын үгіттеу мақсатында ТМРАД-мен облыс әкімдігі бірлесе қажетті ақпаратты әзірлеп, облыс әкімдігінің сайтында орналастырылытын болады.
ТМРАД-мен есептеу құралдарын орнатудың тиімділігі мен қажеттілігін түсіндіру жұмыстары БАҚ-да жариялау, дөңгелек үстелдер мен жиналыстар өткізу, ПИК-і және тұрғындармен кездесу өткізу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда 2013 жылдың 26 ақпанында ТМРАД-мен энерготиімділікті түсіндіру, коммуналдық қызметтерде есептеу құралдарын орнату бойынша сұрақтарды түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жалпыүйлік жылуэнергиясын есептеу құралдарын орнату мен коммуналдық қызметтерге сараланған тарифтер енгізу қажеттілігін қолдады.
Облыс бойынша есептеу құралдырның динамикасы төмендегідей:
- жалпыүйлік жылуэнергиясын есептеу құралдары:
01.01.2010 ж. – 13,9%, 01.01.2011 ж.- 17,6%, 01.01.2012 ж. – 26,7%, 01.01.2013 ж. – 29,7%, 01.02.2013 ж. -30,2%.
- ыстық суды есептеудің жеке есептеу құралдары:
01.01.2010 ж. – 60,7%, 01.01.2011 ж.- 70,3%, 01.01.2012 ж. – 77,4%, 01.01.2013 ж. – 87,2%, 01.02.2013 ж. – 87,3%.
- суық суды есептеудің жеке есептеу құралдары:
01.01.2010 ж. – 69,7%, 01.01.2011 ж.- 76,5%, 01.01.2012 ж. – 78,6%, 01.01.2013 ж. – 82,3%, 01.02.2013 ж. – 83,8%.
Аталған бағытта облыс әкімдігімен жұмыстар атқарылуда. 2013 жылдың 22 ақпанынды энергоүнемдеу және энергиятиімділікті арттыру бойынша облыс әкімдігінің отырысы өткізілді. Отырыс нәтижесінде аудандар мен қалалар әкімдеріне, облыстық басқармалар мен коммуналдық кәсіпорындарға энергоүнемдеу мен энергиятиімділікті арттыру бойынша жұмыстарды қолға алуға қатаң тапсырмалар берілді.