
2022 жылғы 11 сәуірінде Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында мемлекеттік қызметшілер арасында жиын өтті.
Онда Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығымен мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне, әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережеге енгізілген бірқатар өзгерістер, толықтырулармен таныстырды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен қызметтік әдебінің стандарттары, әдептік қағидаттары, қызметтік әдепті бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіру, қызметтік әдепті бұзғаны үшін жауаптылық жөнінде айтылды.