Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығымен бекітілген «Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру» қағидаларының 5 тармағына сәйкес, 2022–2023 жж. жылыту маусымын іркіліссіз өткізу мақсатында Алматы облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а. 2022 жылдың 26 сәуіріндегі №40 – н/қ бұйрығымен Алматы облысы бойынша энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға өтінімдерін қабылдаудың басталу және аяқталу күндері анықталды.
Өтінімдерді қабылдау күнінің басталуы 2022 жылдың 03 мамырынан, аяқталуы 2022 жылдың 15 қазанына белгіленгендігін хабарлаймыз.
Энергия өндіруші ұйымдар отын сатып алуға субсидия алуға өтінімді Қағиданың 6-тармағына сәйкес еркін нысанда құжаттар тізбесін қоса бере отырып ұсынады.