Меню

Страницы

Статья

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» атты дөңгелек үстел өтті

Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы заңнаманың нормаларын, саясатты іске асыру жөніндегі бағдарламалық құжаттарды, новеллаларын, әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін түсіндіру, қылмыстар бойынша статистиканы ұсыну, іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік органдардың азаматтар алдында есеп беруін, ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету тетіктерін түсіндіру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» 2022 жылға арналған жобаны іске асыру бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелімізге: облысы әкімінің  әдеп жөніндегі уәкілі -Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы, Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті привенция басқарма басшысының орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар Коваленко  Марина Петровна, Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті привенция басқармасының бас маманы Ескендирова Асем, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының өкілі Амангелді Томирис қатысты.    

 

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, біздің ойымызша, сыбайлас жемқорлық негізінен мемлекеттік жүйеде орын алатындықтан, билік сенім білдіріп, құқық берген лауазымды адамдар моральдық тұрғыдан таза болулары керек.

Бүгінгі таңда құқық қорғау органдары әшкерелеп жатқан мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың сипатын, жасалу себептері мен осыған итермелеген жағдайларға талдау жасайтын болсақ, олардың басым көпшілігі заңды білмеуден немесе оған немқұрайды қараудан орын алуда.  Сәйкесінше, әрбір мемлекеттік қызметкер үнемі біліктілігін артырып отыру керек.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш- жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Дата публикации
21 апреля 2022
Дата обновления
21 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
29 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ
Тұрғындарға арналған ақпарат
08 июля 2026
Жылыту маусымына дайындық аясында 5,6 мың шақырымнан астам электр желілері жөнделді

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы