Басқармаға 2026–2028 жылдарға 52 342 млн теңге көлемінде қаражат қолдау көрсетілді, оның ішінде:
Басқарманың 2026–2028 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында 13 бюджеттік бағдарламаны іске асыру көзделген.
771001 «Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 225 844,0 мың теңге басқару аппаратының штаттық санын ұстауға бағытталған (18 штаттық және 5 штаттан тыс бірлікке еңбекақы төлеу және бонустарды қоса алғанда, тиісті аударымдар, кеңсе тауарларын сатып алу, коммуналдық қызметтерді, байланыс пен интернетті төлеу, бухгалтерлік бағдарламаларды сүйемелдеу, семинарлар өткізу, іссапар және пәтерлік шығыстар), 138 993,0 мың теңге жалақыны аударуға, 83 851,0 мың теңге ағымдағы шығыстарға көзделген.
771004 Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау – 60 318,0 мың теңге. Қаражат халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыру мақсатында баламасыз ауыз сумен жабдықтау көздері болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға арналған.
771005 Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту – 835 229,0 мың теңге. Шығыстар облыстың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етуге, халықтың өмір сүру сапасын және экологиялық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.
771007 Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға шығындарын субсидиялау– 2 434 415,0 мың теңге. Қаражат тарифте көзделмеген отын сатып алу бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шығындарын субсидиялау үшін пайдаланылады.
771010 Газ тасымалдау жүйесін дамыту – 2 345 795,0 мың теңге. Шығыстар газбен жабдықтау жүйелеріне тиісті қызмет көрсетуді және олардың үздіксіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты сенімді, қауіпсіз және экологиялық таза отынмен – табиғи газбен қамтамасыз етуге бағытталған.
771011 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары – 15 000,0 мың теңге. Облыстың қолда бар экономикалық әлеуетін одан әрі дамыту және іске асыру мақсатында өңірдің жеке кәсіпкерлері үшін жағдай жасауға, өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қолданыстағы жұмыс орындарын сақтауға және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталған.
771012 Коммуналдық шаруашылықты дамыту – 107 624,0 мың теңге. Шығыстар Алматы облысының Қарасай ауданында жаңа қосалқы станциялар салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бағытталған.
771013 Арнайы экономикалық аймақтардың, индустриялық аймақтардың, индустриялық парктердің инфрақұрылымын дамыту – 1 293 526,0 мың теңге. G4 City аумағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында магистральдық желілері бар бас инженерлік құрылыстарды жобалау арқылы (су сорғы станциялары, кәріздік тазарту құрылыстары, автоматтандырылған газ тарату станциялары, қосалқы станциялар, коммуналдық жылу қондырғылары) іске асырылады.
771014 Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту – 1 472 190,0 мың теңге;
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қамтамасыз ету өңірдегі индустриялық ахуалды және экономикалық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
771065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту – 500 000,0 мың теңге, ШЖҚ «Алматы ОблГаз Engineering» МКК;
Газ тарату желілеріне қызмет көрсететін газтаратушы (пайдаланушы) ұйым құру. Газбен жабдықтау/газдандыру саласында құзырет орталығын құру.
771096 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау – 1 996 056,0 мың теңге;
Қаражаттар келесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бағытталады:
– Алматы облысы, Талғар ауданындағы «Қайрат» индустриялық аймағында сыртқы газбен жабдықтау, алаңішілік инженерлік желілер мен көлік инфрақұрылымын салу;
– Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы мен Шелек ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету үшін газбен жұмыс істейтін автономды блокты-модульді қазандықтарды (БМК) салу және сервистік қызмет көрсету.
771114 Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері – 40 406 337,0 мың теңге; Қаражаттар облыс халқы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында су, газ, жылу, электр энергиясымен және басқа да коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталады.
771124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ агломерацияларды дамыту мақсатында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу– 631 827,0 мың теңге.