
Сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
1. Міндеті: облыстың елді мекендерінің (шегінде) шекарасы аясында суды бұру, сумен жабдықтау саласында мемлекеттік реттеу саясатын жүзеге асыру.
2.Фукциялары:
1) елді мекендер үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
2) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
3) Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер қүнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
4)объектілер мен кешендердің ведомстволық бағынастағы аумағында салынуы (реконструкциялануы, кеңейтілуі, жаңғыртылу, күрделі жөнделуі) белгіленген объектілерге мониторингті жүзеге асыру;
5) сондай-ақ, бюджеттік инсвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген жергілікті және республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;
6) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлеу және бекіту ұшін ұсыну;
7) бюджеттік қаражаттың уақытылы және айлық игерілуін қадағалау;
8) бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес бюджеттік өтінімді әзірлеу және ұсыну:
9) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын әзірлеу;
10) бюджеттік бағдарламалар бойынша «Электрондық Үкімет» және «Ашық Үкімет» модулінің «Ашық бюджеттер» компонентіне орналастыру бойынша жауапты болу.
Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, электрмен жабдықтаушы және электр желілік ұйымдарға электр энергетикалық жүйенің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде міндеттер жүктеледі. Атап айтқанда, көрсетілген ұйымдар тұтынушыларды сенімді әрі үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге, электр энергиясын берудегі негізсіз үзілістерге жол бермеуге және авариялық жағдайлардың туындау тәуекелдерін барынша азайтуға міндетті.
Сонымен қатар, электрмен жабдықтаушы және электр желілік ұйымдар қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен нормативтік-техникалық құжаттарда айқындалған кернеу, жиілік және өзге де техникалық сипаттамаларды қоса алғанда, электр энергиясы сапасының белгіленген нормативтік көрсеткіштерін сақтауға міндетті. Аталған талаптардың сақталмауы тұтынушылардың электр жабдықтарының қалыпты жұмыс істеуінің бұзылуына, сондай-ақ жалпы энергетикалық қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін
Мақсаты: Тұтынушыларды сенімді, үздіксіз әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында энергиямен жабдықтаушы және электр желілік ұйымдарға электр энергиясы сапасының нормативтерін сақтау ету жөнінде міндеттер жүктеу.
Су тұтынушы жеткізуші өкілдеріне мыналар үшін қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті:
сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қарау;
су есептегіштерін тексеру;
ағынды сулардың сынамаларын алу.
Қол жеткізілмеген жағдайда бұзушылық туралы акт жасалады.
Егер бұзушылық жойылмаса, жеткізуші су тұтынушыны алдын ала хабардар ете отырып, қызмет көрсетуді шектеуге немесе тоқтатуға құқылы.
Мақсаты: Су тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін жеткізуші өкілдеріне заңнамаға сәйкес кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету міндетін түсіндіру.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану жөніндегі жауапкершілік пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы бойынша айқындалады:
жеткізушінің желілеріне қосылу нүктесіне дейін — жауапкершілік жеткізушіге жүктеледі;
қосылу нүктесінен кейін, оның ішінде ғимараттың ішкі желілері — үй-жайдың меншік иесіне немесе кондоминиумды басқару органына (басқарушы компанияға) жүктеледі.
Су есептегіштер (есепке алу аспаптары) су тұтынушының меншігі болып табылады.
Ол олардың жарамды күйін, сақталуын және пломбалардың бүтіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Мақсаты: Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезіндегі жауапкершілік шекарасын нақты түсіндіру.