Су құбыры жүйесінің тұрақтылығын арттыру мақсатында жапқыш арматура орнату

Су құбыры жүйесінің тұрақтылығын арттыру мақсатында жапқыш арматура орнату

Есік қаласының су құбыры желісін сенімді, басқаруға ыңғайлы әрі қауіпсіз ету мақсатында, сондай-ақ апаттық жағдайларда жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, салдарын барынша азайту үшін 2025 жылға арналған жоспарлы жұмыстар аясында түрлі диаметрлі жапқыш арматуралар (ысырмалар) орнату көзделіп отыр.

Қазіргі таңда магистральдық және тарату құбырларындағы ақауларды жою кезінде суды тек зақымдалған учаскеден ажырату мүмкін емес. Бұл өз кезегінде бірқатар аудандар мен көшелерді, яғни үлкен аумақтарды сумен қамтудан уақытша ажыратуға мәжбүрлейді. Мұндай жағдайлар қала тұрғындары мен мекемелер үшін елеулі қолайсыздықтар туғызып, қалпына келтіру жұмыстарына кететін уақыт пен еңбек шығындарын арттырады.

Жапқыш арматураны орнату арқылы мынадай нәтижелерге қол жеткізу жоспарлануда:
• сумен қамтуды тек нақты учаскелерде ғана шектеу мүмкіндігі пайда болады;
• апаттық жағдайларға шұғыл әрі тиімді әрекет ету қамтамасыз етіледі;
• су ағыны тоқтатылған жағдайда жұмыстардың қауіпсіздігі мен тиімділігі артады;
• есепке алынбаған су шығыны азаяды;
• жөндеу жұмыстарына жұмсалатын адам күші мен техникалық ресурстардың жүктемесі төмендейді.

100-ден 300 мм-ге дейінгі диаметрлі ысырмалар су құбыры жүйесінің стратегиялық маңызды тораптарында орнатылады. Бұл жұмыстар алдын ала гидравликалық талдау жүргізіліп, қолданыстағы коммуникациялар толықтай зерттелгеннен кейін ғана басталады.

Барлық жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі және тұрғындарға ресми арналар арқылы алдын ала хабарланады. Суды ажырату кестесі мен мекенжайлар тізімі алдын ала жарияланып, шектеу мерзімдері мен ықтимал қолайсыздықтар көрсетіледі. Бұл тұрғындар мен кәсіпорындарға дайындалуға мүмкіндік береді және қолайсыздықтарды барынша азайтады.

Атқарылатын бұл шаралар — су құбыры жүйесінің сенімді әрі тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған нақты қадам. Біздің мақсатымыз — кез келген жөндеу немесе штаттан тыс жағдай тұтынуш қолайсыздық тудырғаны. Су беру тұрақтылығы мен қауіпсіздігі — басты назарда. Бұл жұмыстар — күнделікті өмірдің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі.